Қызылорда облыстық сотында мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Оспанова, алқа судьялары, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы мен судьялары, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары қатысты.
Шараны алқа төрағасы Ж.Оспанова ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, мүлікке тиым салу және алимент өндіру мәселелерінің өзектілігіне тоқталды.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Сәрсембаев алимент өндіру туралы атқарушылық өндірістер бойынша туындаған мәселелерге тоқталып өтті.
Жеке сот орындаушысы Н.Қыдырбеков борышкерлердің мүлкіне тиым салу бойынша баяндама жасап, заң нормаларына сәйкес мүлікке тиым салу рәсімінің тәртібімен таныстырды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша өздерінің ұсыныстарын айтып, өзара пікір алмасты.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.