Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі алаңында 6 қазанда өткен референдумның қортындысын тоқталып кәсіподақ белсенділерінің АЭС салу мәселесіне бір адамдай қатысып, ертенгі энергия болашағына өз үлестерінің бар екендігне мақтан тұтатындығын жеткізді.Басқосуда ел экономикасы мен болашағы, энергетика саласының әлеуеті туралы сөз қозғалды. Кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсүт Нәлібаев еңбек ұжымдарына, кәсіподақ мүшелеріне референдум күнінде азаматтық белсенділік таңытқандығына алғыс білдірді.