Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің әдеп жөніндегі уәкілінің ұйымдастыруымен саябақ аумағында мерекелік шара өткізілді.

Оған Департамент басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл М.Асанова, бөлім басшылары, қалалық соттардың әкімшілерінің басшылары мен мамандары, сот қызметкерлерінің балалары қатысты.

Негізгі мақсат – отбасы құндылықтарын насихаттау, әріптестік қарым-қатынасты нығайту, балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау болып табылады.

Шара барысында әдеп жөніндегі уәкіл М.Асанова сот қызметкерлерінің балаларын бүгінгі мерекемен құттықтап, игі тілегін білдірді.

Мерекелік шара аясында отбасылық спорттық сайыс өткізілді. Оған сот қызметкерлері мен балаларынан құралған 3 команда қатысты. Командалар бірінші турда қаппен секіруден жарысса, екінші турда кедергілерден жүгіріп өтуден сынға түсті.

Сайыстың қорытындысы бойынша, «Балапан» командасы «Жылдамдық» номинациясымен, «Қыран» командасы «Шеберлік» номинациясымен, «Шаттық» командасы «Ұйымшыл» номинациясымен марапатталды. Командаларға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар, мерекелік шараға аниматорлар арнайы келіп, балалармен түрлі көңілді ойындар ойнап, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Шара соңында балаларға сыйлықтар мен балмұздақтар таратылды.

Осылайша, мереке күнінде бүлдіршіндер ерекше көңіл күйге бөленіп, сот қызметкерлері шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған