Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік» деп Ата заңымызды белгілеп, даму бағыты айқындалған, жарқын болашаққа қарай батыл қадам басқан Мемлекет болып қалыптасып келеді.
Мемлекеттік қызметшінің өздігінен дамуы–ең алдымен қызметтік әдебінен басталады. Жалпы алғанда, мемлекеттік қызмет әдебі – қызметшілердің кәсіптік қызметін орындауда жалпы қабылданған морьлдық –әдептілік нормаларынан қалыптасқан, сонымен қатар, мәдени ізгілік бағытын түсіндіретін әлеуметтік философиялық пән болып табылады.
Мемлекеттік қызметкер болу – зор құрмет, сондықтан да кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Мемлекеттік қызметкер болуға үміткер адамдар халық алдында жауапкершілікті сезіне білу үшін мемлекеттік қызметтің беделін көтеру керек. Мемлекеттік қызметшінің имиджін қалыптастыру идеологиялық, саяси және мәдени аспектілерді көздейтіні хақ.
Сондықтан мемлекеттік қызметшінің имиджін көтеру-күрделі және ұзақ процесс. Мемлекеттік қызметшілер – билік пен қарапайым бұқара халықтың арасын жалғайтын алтын көпір. Мемлекеттік қызмет меритократия қағидаты негізінде барлық азаматтарға өз қабілеттерін жүзеге асыру үшін бірдей мүмкіндіктер берілетін әділ қазақстандық қоғамның түп бейнесіне айналады» дегені аталмыш реформаның мемлекеттік қызметшілердің келешегі үшін жасалып отырған қадам екенін білдіреді.
Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы еш уақытта ұмытпауы тиіс. Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс барысындағы басты құралы болып табылатын жаңа Әдеп жөніндегі кодексі, бұл- жауапкершілік жүгін арттыратын, талаптар ауқымын белгілейтін маңызды құжат.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық процестерді реттеуге, мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуге және азаматтардың мүддесін іске асыруға арналған.
Мемлекеттік қызмет үшін имидждің функционалдық және мәртебелік мәні бар. Ол халықтың оған оған деген сенімінің көрсеткіші және мемлекет жүргізіп отырған басқару қызметтерін қайта құрудың тиімділігін қоғаммен бағалануының өлшемі болып табылады. Ол мемлекеттік органдар әрекеттерінің нақты әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның талаптарына және күтімдеріне сәйкестігінің дәрежесін бекітеді. Осының салдарынан, имидж азаматтардың мемлекеттік билік органдарына қатынасы бойынша мінезінің болашағын айтарлықтай шамада төмендетеді, мемлекеттік қызметті және оны қалыптастыру бағдарламасын қоғамдық қолдау дәрежесін анықтайды. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру осы әлеуметтік институттың тиімді қызмет етуіне және дамуына қажетті жағдай, сонымен қатар мемлекеттік огандар қызметтерінің және мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттыруға арналған жағдай болып табылады.
Осы уақытта мемлекет мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру қажеттілігіне қатысты мәселелерге үлкен назар аударып отыр. Мемлекеттік қызметшіде жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білімі, оны іс жүзінде қолдана білу, адалдық, ынталы өмірлік ұстаным болуы, мемлекеттік қызметшінің патриоттық сезімі, моральдық келбеті болуы қажет.
А.Алмасов
Жаңақорған аудандық сотының аға приставы