Сырдария аудандық сотында төраға Р.Т.Алдамбергенов, судья Д.Е.Ералиев, әкімші басшысы Н.Е.Әбдікәрім, Сырдария ауданы прокуроры Н.Нұрғалиев, аудандық полиция бөлімінің тергеу ісі жөніндегі орынбасары Н.Беркінбаев, жергілікті полиция бөлімі басшысы Қ.Көшекбаев, адвокаттар Қ.Жаппасбаева және Ғ.Сақтағановтың қатысуларымен «Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді
Дөңгелек үстел барысында аудандық сот төрағасы Р.Т.Алдамбергенов судьялар, сот мәжілісінің хатшылары және сот қызметкерлері қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді сотқа келіп түскен уақыттан бастап Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабының және Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заңының 13-бабының талаптарын қатаң сақтауы тиістігін атап өтті.
«Мемлекеттік қызмет мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын биліктің бірден-бір құрылымы болса, мемлекеттік тілді дамыту мемлекет саясатының негізгі бағыттарының бірі. Сондықтан, әрбір мемлекеттік қызметкердің ұлтымыздың қазынасы мемлекеттік тілді білуі міндет. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болғандықтан, мәртебесі жоғары болуы тиіс», – деді сот төрағасы.
Қазақтың айтулы ақындарының бірі Қадір Мырзалиев: «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» демекші, әр халық өзінің ана тілін жоғары құрметтеп, оны шамасы келгенше дамытып, қолдану аясын кеңейтіп отыруы тиіс. Елімізде барлық тілдер мен мәдениеттердің дамуына қолайлы жағдай жасалып, қолдау көрсету жақсы жолға қойылған.
Дөңгелек үстелге қатысушылар өткізілген іс-шара бойынша пікірлерін білдіріп, осы бағытта шараларды жиі өткізіп отыру жөніндегі ниеттерін жеткізді.
Сырдария аудандық соты