Қызылорда облыстық сотында мемлекеттік сатып алу саласындағы істерді қарау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Оспанова, алқа судьялары, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы мен судьялары, облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, жеке кәсіпкерлер, облыстық ішкі аудит Департаментінің өкілі қатысты.
Шараны алқа төрағасы Ж.Оспанова ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің өзектілігіне тоқталды.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Г.Мырзатаева мемлекеттік сатып алу заңнамасын қолдану ерекшеліктерін атап өтіп, мемлекетік сатып алу саласындағы дауларды қарау кезінде туындайтын мәселелерге тоқталып өтті.
Қызылорда облысы бойынша ішкі аудит Департаментінің бас маманы Ә.Ұзақбаев заң нормаларына түсіндірме жасап, мемлекеттік сатып алу саласында жиі орын алатын кемшіліктерді атап өтті.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.