Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілімен тұрақты түрде патроиттық шаралар өткізіліп тұрады. Сондай шаралардың бірі Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілімен және облыстық кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен бірлескен шара өткіздік.
Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздер күнін атап өту, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, мемлекеттік мекемелер арасындағы байланысты нығайту болып табылады.
Шараға Департамент басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл М.Асанова, сот мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, кітапхана ұжымы мен оқырмандар қатысты.
Шара барысында Департамент басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл М.Асанова сөз алып, кітапхана ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасындағы алтын көпір, жастар көп келетін өңірдің рухани орталығы екендігін айта келіп, кітапхана ұжымын бүгінгі мерекемен құттықтап, оқырмандар санының көбеюіне тілектестігін білдірді.
Сонымен қатар, сот мамандары Тәуелсіздік, Отанға сүйіспеншілік тақырыбындағы өлеңдерді жүректерге жеткізе мәнерлеп оқып, патриоттық мазмұндағы әндерді шырқады.
Кітапхана ұжымы өз кезегінде бүгінгі іс-шараны өткізуге атсалысқан Департамент басшылығы мен сот мамандарына алғысын білдірді.
Мерекелік шараға қатысушылар мемлекеттік рәміздердің тарихына арналған бұрышпен танысып, мол мәлімет алды.
М.Асанова, Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі