ХХІ ғасыр, қазіргі қоғам, еліміздің құқықтық жүйесінің үздіксіз дамуы жағдайында медиацияның маңыздылығы артып келеді. Даулы мәселелер мен ұрыс-керісті шешудің бұл әділі сот және мемлекеттік органдарға түсетін салмақты азайту үшін ғана емес, қоғамдық келісім мен құқықтық мәдениетті нығайту үшін де маңызды.

Медиация – дауласушы тараптарға құпиялылық пен сыйластық жағдайында өзара қолайлы шешім табуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ дәстүрлік сот ісімен салыстырғанда тұрақты әрі ұзақ мерзімді нәтижелерге әкеледі.

Әлемдік тәжіриебеде медиация кеңінен қолданылады және заңнамалық деңгейде сақталады. Бүгінгі күнде заң шеңберінде негізгі бір мүддесі – бітімгершілік болып отыр.

Өз қызметімді атқару кезіндегі тәжіриебемде Әкімшілік істер бойынша, бітімгершілікке келу жәбірленуші мен әкімшілік құқық бұзушылық адамның арасында заңнама талабына сай жазбаша келісім жасалып, жеке қолдары қойылып расталғаннан кейін жүзеге асырылады.

Г.О.Искакова

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі

мамандандырылған сотының судьясы 

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған