Ауданда елімізде қолға алынған конституциялық реформаларды түсіндіру, жаңа Конституция жобасының мән-маңызын кеңінен насихаттау бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Осы ретте бүгін аудандық Руханият орталығында үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Әліш Ғазиз Әлмәмбетұлы мен Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Талайлы Бөріқұлақов арнайы қатысып, конституциялық реформаның негізгі бағыттары мен енгізілетін өзгерістердің мазмұнына тоқталды.

Кездесу барысында ұсынылып отырған өзгерістердің мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтуға, билік институттарының ашықтығы мен есептілігін күшейтуге ықпал ететіні айтылды.
Жиын соңында ҮЕҰ өкілдері жаңа Конституция жобасын еліміздің демократиялық, құқықтық дамуының берік негізін қалайтын маңызды қадам ретінде бағалап, барша азаматтарды белсенділік танытып, қоғамдық талқылауға атсалысуға шақырды.

Еліміздің жарқын болашағы мен орнықты дамуына бағытталған маңызды реформаларды бірлесе қолдайық!

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған