Шиелі ауданында халық намысын халықаралық ареналарда қорғап, талай байрақты жарыста жеңіс тұғырынан көрініп, бірнеше мәрте медаль жеңген спортшы әр жарыста көк Ту көкке көтеріліп, Мемлекеттік Әнұран шырқалған сәтті ерекше мақтаныш пен зор жауапкершілік сезімімен еске алады. Сол сәттерде бізде тек бір ой тұрады: жеке өз үшін емес, тұтас елдің абыройы үшін күресіп жатыр.

Спорттағы әрбір жеңіс тек тынымсыз жаттығу мен физикалық күштің жемісі ғана емес. Ол – елдегі тұрақтылықтың, қоғамдағы бірліктің, мемлекет тарапынан жасалған қолдаудың және еліміздегі оң өзгерістердің нақты нәтижесі. Өйткені дамыған, болашағына сеніммен қарайтын мемлекет қана спортшыларын үлкен жеңістерге жетелей алады.

15 наурызда елімізде жаңа саяси серпіліс байқалды. Азаматтардың пікірін тыңдап, маңызды шешімдерді халықпен бірге қабылдау – шынайы демократия мен дамудың айқын көрінісі. Мұндай тарихи кезеңде әрбір азамат ел тағдырына бейжай қарамай, өз үнін білдіруі аса маңызды.

Сондықтан спортшы ретінде халықаралық деңгейде ел намысын қорғаған азамат референдумға келіп, өз таңдауын жасады. Әр дауыс – еліміздің ертеңін айқындайтын нақты қадам, ал бірлік пен ортақ жауапкершілік – Қазақстанның жарқын болашағына бастайтын берік негіз.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған