Бірыңғай есеп беру күні
Аймақ кәсіпкерлерінің назарына!
Кәсіпкерлік кодексінің 131-1 бабына сәйкес, бақылау және қадағалау органдары жыл сайын қыркүйектің соңғы бейсенбісінде бизнес-қауымдастық алдында есеп береді.
Бақылау және қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдындағы бірыңғай есебі биыл 26 қыркүйекте өтеді.
Оған – кәсіпкерлік субъектілері, бақылау және қадағалау органдарының өкілдері, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ тиісті аумақтық бірліктің прокуратура органдарының өкілдері қатысады.
Аталған маңызды іс-шараға қатысу үшін тіркеу төмендегі байланыс нөмірлері арқылы жүргізіледі: +7 (7242) 60-54-10 «Қызылорда облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» КММ.