2023 жылдың мамыр айынан бастап «Шағын кәсіпкер әйелдер қоғамы» ҮЕҰ «Қызылорда облысының шекаралас аймақтарында мигранттардың қауіпсіз және заңды көші-қон туралы хабардарлығын арттыру» жобасын жүзеге асыруда. Жобаны Еуропалық Одақ БОМКА-10 бағдарламасы шеңберінде грант схемасы аясында қаржыландырылуда.

Жоба аясында мигранттарға арналған ақпараттар кездесулер ұйымдастырылып, электронды базасы құрылып, тегін арнаулы әлеуметтік қызмет алған барлық мигранттар ақпараттық базаға тіркелді.

Сонымен қатар, аталған жоба аясында үкіметтік емес ұйымында барлық мұқтаж бенефициарларға тегін кеңес беретін білікті психолог, заңгер, әлеуметтік қызметкер және медициналық қызметкер жұмыс істеуде.

Осының осы жоба аясында ақпараттық материалдар (буклеттер, флайерлер) әзірленіп, оқыту семинарлары өткізілді, өзге елдерден көшіп келушілердің құқықтарымен міндеттерін түсіндіру бойынша облыс көлемінде құқықтық кеңес беру орталықтары ұйымдастырылды, тек Қызылорда қаласында ғана емес және облыс аумағында ақпараттық кеңестер берілді: оның ішінде Жаңақорған, Жалағаш, Қармақшы және Сырдария аудандарында кездеслер өткізілді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған