Мен Жауқаш Сымбат Қалабайқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылының №98 орта мектебінің 8 сынып оқушысымын. «Мен есірткіге қарсымын» тақырыбындағы үндеуімді жолдай отырып жасөспірімдер мен балалар бойында есірткі тұтыну мен тарату мәселесін тоқтату. Осы уақытта белең алып отырған мәселе қоғамдағы есірткіге әуес, насыбай, шылым, темекі, апиын сияқты зиянды заттарға әуес болуы.
Үндеуіме үн қос, есірткіге жол жоқ! Егемен елдің есті ұрпағы жас дос! Біз жаңа Қазақстанның жасампаз жастары салауатты өмір салтын қолдаймыз! Жалындаған жастық шаққа кесір болып жабысқан кесел-есірткіні түбегейлі жоямыз! Бүлінген тағдырлар, жоғалған адамдар, жылаған балалар, өшкен үміттер, заңсыз қылмыстардың сиықсыз себепкері ғасыр тажалы есірткіге қарсы үндеуіме үн қос! Есірткі арман-мақсатты құрдымға кетіріп өміріңді сұрықсыз етеді. Нашақорлық-наданның ісі, Есірткі-індет, есірткі-тажал, есірткі-ғасыр дерті. Өміріміз нұрланып, қоғамымыз гүлденуі үшін жастарымыз жалындап, денсаулығы мықты болуы үшін есірткіге менімен бірге «Жоқ.» деп айт. Біз есірткіге қарсы бірге күресеміз!
Есірткіге тәуелділік жастардың мүмкіндіктерін шектеп,олардың білім алуына,жұмыс жасауына кедергі жасауда.Есірткі тек қолданушыға ғана емес оның жақындарына да ауырпашылық көрсетеді.Ол отбасылық байланысты бұзады.Адамның физикалық және психикалық дамуын бұзады.Қазақстан мемлекетінің озық елдер қатарынан болуын тілеп,озық елді жасаушы жастар біздер.Сондықтан да ата-бабамыздан қалған асыл қасиеттерімізді жоғалтып алмайық.
Денсаулыққа зиян: Есірткі адамның физикалық және психикалық денсаулығын бұзады. Көптеген жағдайларда бұл қауіпті ауруларға, мүгедектікке немесе өлімге әкелуі мүмкін.
Отбасы мен қоғамға зиян: Есірткі тек қолданушыға ғана емес, оның жақындарына да ауыртпашылық түсіреді. Ол отбасылық байланыстарды бұзады, қоғамдағы қылмыстардың өсуіне себеп болады.
Болашаққа зиян: Есірткіге тәуелділік жастардың мүмкіндіктерін шектеп, олардың білім алуға, еңбек етуге және өз болашағын құруға кедергі келтіреді.
Есірткіден бас тарту – саналы таңдау!
Әрқайсымыз:
Есірткіге қарсы бірлікте болайық!
Есірткісіз болашақ – бұл әрқайсымыздың қолымызда. Өз өміріңе және болашақ ұрпақтың денсаулығына жауапкершілікпен қарау – біздің басты міндетіміз
Жауқаш Сымбат