Айдан айға ұласқан,елдің бірі қостап,енді бірі қарсы болған атом электр стансасын салу мәселесіне нүкте қойылды.Расында да осы орайда өткізілген референдум сайлаушылардың өз қалауын білдіруіне мүмкіндік берді.Референдумға қатысушылардың ,жақтап немесе жоқ деп наразылықтарын білдіргендердің дауыс пайызына таң қалудың қажеті жоқ болар.Қатыспағандардың да бір ойлағаны бары анық.Болашақ үшін дауыс бердік.Энергетикалық тәуелсіздікті арман еттік.Оған қол жеткізсек үлкен өндіріс орындарына салынатын инвестиция көбейіп,еліміздің экономикалық әлеуеті артып,халықтың тұрмыс жағдайы бұдан да әрі жақсаруына үміт еттік.Қазіргі кішкентайларымыз алдағы уақытта бізден де жақсы өмір сүрсін дедік…Ендігі мәселе атом электр стансасын салуда жемқорлық орын алмай,басқа елге тәуелді болып қалмай бейбіт атомның еліміздің өсіп-өркендеуі үшін қызмет етуін қамтамасыз ету билікке аманат…

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған