Әдеп жөніндегі уәкілді енгізудің түп негізі – мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке бағытталған мемлекеттік менеджменттің жаңа, ұтымды, сапалы моделін қалыптастыру.
Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, сондай-ақ, өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілерге кеңес беретін мемлекеттік қызметші.
Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі функциялары шеңберінде мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді, мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды, мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекеттің тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігі мен моралдықэтикалық келбетіне үлкен талаптар қойылады.
Бүгінде еліміздің өсіп-өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамдағы бірқатар өзекті мәселелердің жақсы жағынан шешілуі мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне тікелей байланысты.
Дамыған елдердің тәжірибесі мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда мемлекеттік аппараттың кадрлық мүмкіндігі, мамандардың жан-жақтылығы аса маңызды екендігін көрсетіп келеді. Сондықтан елімізде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап та, оларға артылатын жүк те, сенім де қазір күшейіп келеді.
Мемлекеттік қызметте, негізінен, азаматтардың білімі мен біліктілігі өте маңызды рөлге ие. Себебі жан-жақты, білімді, жауапкершілігі мол қызметші өз жұмысын тиянақты жасап қана қоймай, тұрғындар тарапынан болған сыни көзқарастарға, ұсыныс-талаптарға сауатты әрі нақты жауап бере алады. Алдымен қызметшілер заңды жақсы білуі керек.
Сондықтан, кәсіби біліктілік пен жауапкершілікке, сыпайы қабылдауға байланысты. Оның үстіне кез келген мамандық иесінен мемлекеттік қызметкердің дәрежесі мен мәртебесі жоғары тұрады.
М.Асанова, Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары