2022 жылы қыркүйек айының соңында өткен қала күні мерекесінде қаладағы Өнер Арбаты бойында «Kitap fest» жәрмеңкесі өтті. Аталған іс-шараға экс-қала әкімі Асылбек Шәменов те қатысты. Сол кездегі жәрменкенің басты жаңалығы Букроссинг сөресінің ашылуы болды. Аталған кітап сөресі шет мемлекеттерде танымал. Арбатта қойылған сөре ішіндегі кітаптарды кез-келген оқырман алып, орнына өзі оқыған кітапты салып кетеді. Арада 2 жыл өтті. Қазір бұл Букроссинг сөресі көзге көрінбейді. Қайда кетті? Кім алып кетті?