Астанадағы сауда желілерінің бірінде картоп сатылымына шектеу қойылды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Супермаркетте «бірінші сұрыптағы картоп бір адамға 5 келіден артық берілмейді» деп хабарландыру жазылған.

Астанадағы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметінше, қалада картоп жеткілікті.

«Өнімді шағын дүкендер арқылы қайта сатуға алыпсатарлардың жаппай сатып алуын болдырмау мақсатында Small және Spar желілеріндегі сауда нүктелерінде картоп сатылымына уақытша шектеу енгізілді. Бір қолға 5 келіден артық берілмейді», деп хабарлады басқарма.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған