Қызықты және мазмұнды іс-шаралар аз, деп атап өтті үкімет басшысы.
Премьер-министр 1 маусымға дейін балалардың бос уақытын ұйымдастырудың жаңа түрлерін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
«Лагерьлерде балалармен жұмыс істейтін қызметкерлерді мұқият іріктеуді қамтамасыз ету қажет. Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, жазғы демалыс және балаларды жұмыспен қамту барлық жерде тиісті деңгейде ұйымдастырылмайды, жұмыс көбінесе есеп беру үшін ресми түрде жүзеге асырылады. Қызықты және мазмұнды іс-шаралар аз. Олардың сапасы балалардың қызығушылығы мен бейімділігін ескере отырып қамтамасыз етілуі керек. Қауіпсіздік және санитарлық талаптар бойынша мәселелер бар. Бұл проблемаларды 1 маусымға дейін жою қажет», – деп атап өтті Олжас Бектенов.
Оқу-ағарту, мәдениет және ақпарат, цифрландыру министрліктеріне балаларды лагерьлермен, үйірмелермен, секциялармен сауықтыру және бос уақытты өткізу бойынша барлық нысандар туралы толық ақпаратпен қамту үшін бірыңғай электрондық платформа құру жөніндегі жұмысты аяқтау тапсырылды.