2023 жылдың бүгінгі күнге дейін балалардың терезеден құлауының 6 жағдайы орын алды. 2022 жылы 12 айында қала бойынша 9 жағдай тіркеліп, 1 бала қаза болды.
Осы ретте, «Бала қауіпсіздігін сақтау маңызды» тақырыбында көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларында балалармен және олардың ата аналарына түсіндірме жұмыстары апта көлемінде тұрақты және жоспарлы түрде жүргізілуде.
Мақсаты: Алдағы жаз мезгілінде бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою. Балалардың терезеден құлау жағдайларын болдырмау және алдын алу, қауіпсіздік ережесін таныстырып, сақтана білу жолдарын түсіндіру болып табылады.
Құрметті ата аналар: Жаз мезгілінде терезені ашық қалдырып, балаларды қараусыз және бақылаусыз қалдырмаңыздар, қауіпсіздікті естен шығармай, балаларды қатаң бақылайық.
Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы азаматтық қорғау майоры Белсенбаев Мұхтар Тұрсынханұлы