Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орын­басарлары, облыстық мәслихат төрағасы, аппарат басшысы, қала әкімі Н.Ахатов Қызылорда қаласындағы құрылыс нысан­дарын аралады.

Олар алдымен сол жағалау­да бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс алаңына барды. Қазіргі уақытта нысандардағы ішкі әрлеу және сырлау жұмыстары толық аяқталып, аулаларды абат­тандыру, көгалдандыру, жарық­тандыру және инженерлік желілер тарту қарқын алған.

Одан кейін “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында құры­лысы жүргізіліп жатқан білім нысандары тексерілді.

Солардың бірі – СПМК-70 шағын ауданында бой көтерген 1500 орындық заманауи мектеп. Бас мердігер «Integra Cons­truction KZ» ЖШС. Құрылыс алаңында 150 инженер мен техникалық маман еңбек етуде.

Арай шағын ауданында 1500 орындық тағы бір мектептің құрылысы жүргізілуде. Бас мердігер – «АБУ-СЕР» серіктес­тігі. Нысанда сыртқы әрлеу жұмыстарының басым бөлігі аяқталған, ғимарат ішінде әрлеу мен инженерлік жүйелерді орнату жұмыстары жалғасуда. Құрылысқа 191 адам тартылған.

Қызылжарма шағын ауда­нын­да «Асар» серіктестігі 600 орындық жаңа мектептің құрылысын жүргізуде. Қазіргі таңда ғимараттың шатыры мен терезелері орнатылып, сыртқы қасбетін әрлеу, бөлмелерді өң­деу, сондай-ақ су, электр және жылу жүйелерін тарту жұмыс­тары жалғасуда. Құрылыс алаң­ын­да 147 жұмысшы еңбек етуде.

Мұнан бөлек ЖК «Тұмар» өндірістік аймағының, «Orhun Medical» медициналық орталы­ғының жұмысымен танысып, 11 мың орындық жаңа стади­он, коммуналдық базар мен Қызылорда – Жезқазған авто­­­­мо­биль жолының 2-12 шақырымының құрылыс барысы тексерілді. Президент саябағын қайта жаңғырту жұмыстары да назардан тыс қалмады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған