Қазақстан Республикасы Кодексінің 178 бабына сәйкес әр азаматтың атына азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркегеннен кейін бастапқы куәлік жоғалған немесе пайдалануға жарамсыз болған жағдайда, өздеріне қатысты акт жазбасы жасалған адамдарға құжатты берген тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрімен бекітілген, белгіленген үлгідегі азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәлік алуға мүмкіндік қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 28.05.2020 жылғы № 64 бұйрығымен «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру,күшін жою тәртібі туралы» бекітілген Кағидасына сәйкес өтінішті беру мемлекеттік корпорация арқылы 3 жұмыс күн ішінде, ал электронды портал арқылы жұмыс күн ішінде алу жүзеге асырылған. Өтінішке қоса қайталама куәлік алу үшін (қайтыс болуды қоспағанда) 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік баж төленеді. Оның ішінде мемлекеттік баж төлеуден босатылғаны туралы растайтын құжаттарына сәйкес Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының, қорғаншыларға қайталама куәлік алуға босату жеңілдігі қарастырылған. Сонымен қатар қайтыс болу туралы қайталама куәлік алу үшін берілген өтінішке қосымша қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттардың көшірмесі алынады.
Қазіргі уақытта заман талабына сай электронды үкімет порталы арқылы қайталама куәлік алу үшін түскен өтінішті орындау мерзімі 2 жұмыс күн ішінде бітуіне байланысты тез әрі тиімді.
Б.Ғ.Ұзынжасова
Қармақшы ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар
және АХАТ бөлімінің бас маманы