Елімізде мопед жүргізушілеріне қозғалыс құралын заңдастыруға жарты жыл уақыт беріледі.

6 айдың ішінде мопед иелері оны есепке қойып, А1 санаты бар жүргізуші куәлігін алуы тиіс, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Өткен айда мәжіліс депутаттары «Жол жүрісі туралы» заңға түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдаған болатын. Заң жобасында көліктердің жекелеген түрлерінің қозғалысын бақылау ұсынылған. Бұл мопедтерді пайдалануға және қозғалыс ережелерін реттеуге мүмкіндік береді.

Сөйтіп, мопед мінгендер жол қозғалысының толыққанды қатысушысы болады. Ол үшін мопед иелері уәкілетті органдарда тіркетіп, көліктерін жыл сайын техникалық байқаудан өткізуге міндетті. Сондай-ақ, жүргізуші міндетті сақтандыруды рәсімдеуі қажет.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған