Жыл сайын 15 мамырда бүкіл әлем жұртшылығы БҰҰ бекіткен халықаралық отбасылар күнін атап өтеді. Осыған орай, «Азаматтарға арналған үкімет» арнайы статистика дайындады. Мемлекеттік корпорация Қазақстан бойынша 10 айда 103 мыңнан астам неке тіркеген, ал 2024 жылдың басынан бері 40 мың жаңа отбасы құрылды.

Сыр өңіріндегі статистика не дейді? Біздің облыста шаңырақ көтеріп, некеге тұратын азаматтар қатары жыл сайын артып келеді. 2023 жылдың II жартыжылдығын қоса есептегенде Қызылорда қаласы және аудандарда барлығы 3716 жаңа отбасыға неке куәлігі табысталған болса, оның 1407-сі осы жылы шаңырақ көтергендер. Құрылған неке саны бойынша қаладан кейінгі көшті Шиелі мен Арал аудандары бастап тұр.

Неке — адамзат үшін ең қастерлі ұғым, отбасы болудың негізі. Толыққанды әрі бақытты шаңырақ көтерген жұптар еліміздің болашағын жарқын етпек. Сондықтан жанұя болуға бекіген жұптар көп болғай.

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» некені салтанатты түрде тіркеуді жүргізіп келеді. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеде «Азаматтарға арналған үкіметке»  азаматтық хал актілерін тіркеу функциялары берілген болатын.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған