Қазалы ауданы, Басықара ауылындағы №82 референдум учаскесінде ауыл тұрғындары саяси маңызды науқанға белсенді қатысуда. Ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Ибагүл Нұрасылова бастаған ақ жаулықты аналар да өз таңдауларын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтындарын көрсетті.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында өткен референдум ауыл тұрғындары үшін айрықша мәнге ие болды. Дауыс беруге келген аналар ұлттық дәстүрді дәріптеп, «ауылдың алты ауызын» айтып, көтеріңкі көңіл-күймен референдум учаскесіне келді.

– Ел болашағы үшін маңызды науқанда дауыс бердік. Біз тарихи кезеңнің куәсі болып отырмыз, – дейді ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Ибагүл Нұрасылова.

Айта кетейік, Басықара ауылының аналары қоғамдық өмірде белсенділік танытып, ауылдағы игі бастамалардың ұйытқысы болып келеді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған