Аумақтан тыс соттылық – мемлекеттердің өз аумағынан тыс жерлерде де белгілі бір жағдайларда құқық қолдану және сот билігін жүзеге асыру мүмкіндігін білдіретін халықаралық құқықтағы маңызды ұғымдардың бірі. Бұл қағида мемлекеттің аумағымен ғана шектелмей, азаматтарының іс-әрекеттеріне немесе олардың құқықтық жағдайына байланысты қолданылады.

Әдетте, халықаралық құқықта негізгі қағида – мемлекеттің егемендігі және аумақтық үстемдігі болып табылады. Яғни әр мемлекет өз жерінде ғана заңдарын қолдануға құқылы. Дегенмен, кейбір жағдайларда аумақтан тыс соттылық танылады. Мысалы, бір мемлекеттің азаматы шетелде қылмыс жасаса, ол елге оралғаннан кейін өзінің мемлекетінде қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сондай-ақ, халықаралық қауымдастыққа қауіп төндіретін қылмыстарға – терроризм, қылмыстық топтардың әрекеті, киберқылмыстар мен геноцидке қатысты аумақтан тыс соттылық қағидасы жиі қолданылады.

Бұл ұғым мемлекеттердің өз азаматтарын қорғауы мен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тетігі болып саналады. Сонымен қатар, ол халықаралық ынтымақтастықты қажет етеді, себебі түрлі елдердің құқық қорғау органдары бірлесе әрекет еткенде ғана әділ сот төрелігі жүзеге асады.

Осылайша, аумақтан тыс соттылық қазіргі жаһандану дәуірінде мемлекеттер арасындағы құқықтық өзара байланыстың маңызды құрамдас бөлігіне айналып отыр.

Аумақтан тыс соттылық – мемлекеттің өз аумағынан тыс жерлерде жасалған қылмыстарға қатысты қудалау құқығы. Халықаралық құқықта бұл институт қылмыстардың жаһандық сипат алуына байланысты ерекше маңызға ие.

Негізгі қағидаттар:

1. Жеке азаматтық қағидасы – мемлекет өз азаматтарын шетелде жасаған қылмыстары үшін қудалайды.
2. Пассивті тұлға қағидасы – мемлекеттің азаматтары шетелде қылмыс құрбаны болса, соттылық қолданылады.
3. Қорғау қағидасы – мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне қарсы әрекеттерге қолданылады.
4. Универсалдық қағида – геноцид, әскери қылмыс, терроризм сияқты адамзатқа қауіпті қылмыстар кез келген мемлекет тарапынан қудаланады.

Қазақстан тәжірибесі

ҚР Қылмыстық кодексінің 7-бабында аумақтан тыс соттылық бекітілген. Қазақстан азаматтары шетелде қылмыс жасаса, елге оралған соң жауапқа тартылады. Сонымен қатар, халықаралық шарттар негізінде универсалдық қағида жүзеге асырылады.

Аумақтан тыс соттылық – мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін қорғаудың және халықаралық қылмыстардың жазасыз қалмауын қамтамасыз етудің маңызды тетігі.

Аумақтан тыс соттылық турасында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексіне (әріқарай – Кодекс) 2021 жылдың 20 желтоқсанында 32-бапта (Шарттық соттылық) өзгеріс енгізілген болатын, аталған баптың күші 2022 жылдың 1 тамызынан бастап күшіне енгізілді.

Кодекстің 32-бабы келесідей редакцияда берілген: «тараптар өзара келісім бойынша істі сот талқылауына дайындау сатысында осы іс үшін, оның ішінде соттың іс жүргізуінде жатқан істер бойынша аумақтық соттылықты өзгерте алады, эксаумақтық соттылықты таңдай алады. Осы Кодекстің 31-бабында белгіленген соттылықты тараптардың келісімімен өзгертуге болмайды».

Мақаланы оқи отырып, эксаумақтық соттылық дегеніміз не деген сұрақ туындайтыны анық. Қазіргі таңда сотқа келіп түскен істі IT-жүйе автоматы түрде сол соттың нақты бір судьясына бөледі. Енді сот талқылауына дайындау барысында тараптар аумақтан тыс соттылықты қолдану туралы жазбаша арызбен жүгінген жағдайда істерді республикадағы барлық соттар арасында бөлуге мүмкіндік бар. Істерді бөлу барысында автоматтандырылған жүйе жүктемесі неғұрлым аз соттардың бірін таңдайды.

Мысалы, талап қоюшы мен жауапкер Қызылорда қаласында, ал талап-арыз Талдықорғанда немесе Астанада қаралуы мүмкін. Бұл жоба сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы сот жүйесінің тиімді құралына айналмақ.

Істі қарайтын судья тараптарға аумақтан тыс соттылық қолдану мүмкіндігін түсіндіреді.Тиісті өтініш келіп түскеннен кейін, ол қаралғанға дейін іс ақпараттық жүйені автоматы түрде қайта бөлуге беріледі және дереу қайта бөлінеді.

Өтінішхатты қарау қорытындысы бойынша судья дереу істі аумақтан тыс соттылығы бойынша беру туралы ұйғарым шығарады. Осыдан кейін электрондық тізімдемесі бар осы электрондық іс сол күні ақпараттық жүйе таңдаған басқа сотқа жіберіледі.

Енді тараптар өзара келісім бойынша талапқою кезінде, сондай-ақ соттың іс жүргізуіндегі істер бойынша да сот талқылауына дайындық сатысында аумақтық соттылықты өзгерте алады.

Экстерриториялық соттылық институтының оң перспективалары бар, оның ішінде қоғамның сотқа деген сенімін арттыруға байланысты, өйткені оны қолдану туралы бастама іс бойынша тараптардан келеді.

С.Б.Бегімбетов

Шиелі аудандық соты әкімшісінің бас маманы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған