Қызылорда облысы әкімі Н.Нәлібаевтың командасына бұдан 3 жыл уақыт бұрын облыс әкімі аппарат басшысы болып тағайындалып, осыдан тура бір жыл бұрын облыс әкімінің орынбасары болып көтерілген Шахмардан Асқарұлы Байманов ың-шыңсыз, әңгіме, сөзсіз өз еркімен қызметтен кетті. Әдетте мұндай лауазымды қызметтегілер жоғарылап, Астанаға қызмет ауыстырады. Әйтпесе, облыс әкімі сенімінен шыға алмай қалады, немесе халық ренжулі болады.

Шахмардан Асқарұлы қай қызметте жүрсе де сыз жерді баспады, ақырын жүріп, анық сөйледі. Ішті, жеді, біреуден бірдеңе алды деп соңынан әңгіме айтылмады. Неде болса, тәуір қызметінен кеткен себебі белгісіз Ш.Баймановтың барар жері беймәлім болғанымен 40 жастың қырқасына шығып тұрған оның жерде қалмасы анық…

Бәлкім, ауа райы ма жақпаған… Кім білген…

P.S. Ресми ақпарат көзінен белгілі болғанындай Ш.Байманов бизнес мектебіне оқуға түсіпті. Демек мемлекеттік қызметпен қош айтысты?..

2005 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының жастар істері жөніндегі көмекшісі .  2007-2008 жылдары Қызылорда облысының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» қауымдастығының атқарушы директоры, 2008-2012 жылдары «Қазақстан жастары конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директорының орынбасары, атқарушы директоры. 2012-2015 жылдары Ақмола облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының м. а., басшысы, 2015-2017 жылдары «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы. 2017-2019 жылдары Қызылорда қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы, қала әкімінің орынбасары болған.

2019 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары. 2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы. 2022 –2024  жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы, одан кейін облыс әкімінің орынбасары қызметерін атқарды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған