ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМІ – ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ

Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ) 2025 жылғы 13 наурыз күні «БЖЗҚ-дан қандай төлем түрлері беріледі? Болашақ зейнетақыңызды қалай есептеуге бола ды?» тақырыбына Ашық есік күнін өткізеді.

Зейнетақы төлемдері — бұл зейнетақы жарналарын аудару мен азаматтардың көп жылдық еңбегінің нәтижесі. Қазіргі кезде отандастарымызды зейнетақымен қамсыздандыру екі көзден жүзеге асырылады. Бірі – мемлекеттік бюджеттен жасалатын төлемдер (базалық және ортақ зейнетақы), екіншісі – Қордан жұмыскердің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен төленетін зейнетақы төлемдері және белгілі бір жағдайларда-қауіпті және зиянды өндіріс саласында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), 1975 жылы және одан кейін туған жұмыскерлердің пайдасына аударылатын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ), сондай-ақ азаматтардың ерікті зейнетақы жинақтары (ЕЗЖ).

Зейнетақы қоры ұйымдастырған Ашық есік күні аясындағы онлайн-кездесуде әңгіме БЖЗҚ дан берілетін зейнетақы төлемдері төңірегінде өрбімек. Онда Қор мамандары зейнет жасына толуға байланысты, егер бірінші және екінші топ мүгедектігі мерзімсіз уақытқа белгіленсе, МЗЖ салымшысы болып есептелетін, пайдасына МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған тұлғаның қайтыс болуы, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету, 55 жасқа толған, олар үшін зейнетақы төлемін алуға өтініш берген кезде жиынтығында кемінде 84 ай МКЗЖ төленген, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарына берілетін төлем түрлері туралы егжей-тегжейлі баяндап береді. Сондай-ақ зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу қалай жүргізілетіні, біржолғы және ай сайынғы төлемдерді алу тәртібі қандай, зейнетке шығу үшін қандай талаптар бар және оның мөлшеріне әсер ететін факторлар, жинақтаушы жүйеде қалыптастырылған зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер алудың қандай тәсілдері бар, зейнетақы жинақтарының жеке жоспарын қалай жасауға болатыны және т.б. мәселелер туралы түсіндірілетін болады. Салымшының бүгінгі жалақысының қаншалықты бөлігін зейнетақы түрінде алатынын айқындайтын «кірісті алмастыру коэффициенті» ұғымына ерекше назар аударылатын болады.

Іс-шара барысында БЖЗҚ қызметкерлері тәжірибеде болған мысалдарды қолжетімді және түсінікті түрде пайдалана отырып, төлем механизмін түсіндіреді, қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, кеңестерін айтады.

Онлайн кездесуге барлық ниет білдірушілерді, сондай-ақ БАҚ өкілдерін шақырамыз. Алынған ақпарат журналистерге зейнетақы төлемдері тақырыбын жете түсіну және қарапайым халыққа тарату үшін тиімді болса, кездесудің басқа қатысушыларына өмірлік маңызды мәселеде пайдалы болады деп үміттенеміз.

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.

Сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз https://enpf.webex.com/weblink/register/r35ea8b ad10e1a8e7c2634ee4d668b945.

Еvent-мәжіліс нөмірі: 2514 652 179

Еvent-мәжіліс құпиясөзі: y5xDC

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған