Талап қоюшы «Шиелі ауданы бойынша білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жауапкерлер Т. мен С.-ға артық төлеген жалақыны мемлекет пайдасына өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік ішкі аудит департаменті 2020-2021 жылдар аралығында мемлекеттік бюджет есебінен бөлінген қаржы аударымдарының заңдылығын анықтау мақсатында «Шиелі ауданы бойынша білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жоспардан тыс аудиторлық тексеру жүргізген.

Тексеру нәтижесінде, жауапкер С.-ға Алматы қаласына біліктілігін арттыру курсына іс-сапарға жіберілгені үшін негізсіз 169 315 теңге ақша төленгені анықталған.

Сонымен бірге, жауапкер Т.-ның жоғары білім туралы дипломы жалған екені және осы диплом бойынша мекеме тарапынан 2020-2021 жылдардың аралығында 321 300 теңге жалақы төленгені анықталған.

Шиелі аудандық сотының шешімімен талап қоюшының талабы толығымен қанағаттандырылып, жауапкерлерден жалпы сомасы 490 615 теңге артық төленген жалақы және 14 718 теңге мемлекеттік баж мемлекет пайдасына өндірілді.

Шиелі аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған