«AMANAT» партиясы жергілікті филиалының атқарушы хатшысы Л.Төрешова журналистерге брифинг өткізді. Брифинг барысында партияның жыл басынан бері атқарып жатқан жұмысына толық шолу жасалды десе де болады. Әдетте, ел арасында “көшбасшы партия дейміз, ел үшін қандай істер атқарды?” деген сұрақтың бары рас. Әрі, қазір саяси партиялар арасында да саяси бәсеке жоқ емес. Қайсыбір партия болмасын өңірде атқарылған жақсы істерге ортақ болып, электоратын көбейткісі келетіні де анық. Осы ретте атқарушы хатшы Л.Төлешованың брифингінде журналистерге біраз мағлұмат берілді.
Оқырмандардың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатымен «AMANATтың» сайлауалды бағдарламасын орындау барысын баяндаған партияның атқарушы хатшысы Л.Төлешова хабарламасын толық жариялағанды жөн көрдік.
«AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі ретінде оның барлық бастамалары мен саяси реформаларына толық қолдау жұмыстарын жүргізіп келеді. Атап айтар болсақ, 8 қыркүйектегі халыққа Жолдауын насихаттау бойынша қыркүйек пен қараша айының соңына дейін 140 іс-шараны қамтитын облыстық медиа жоспар әзірленді. Бүгінгі күнге жоспарға сәйкес 79 іс – шара ұйымдастырылды. Партия филиалдарының төрағалары мен атқарушы хатшылары, мәслихаттардағы фракция жетекшілері мен мүшелерінен тұратын жалпы саны 45 азаматты құрайтын спикерлер пулы жасақталды. Партия белсенділері, жақтастары мен спикерлер әлеуметтік желілерде Жолдау маңыздылығын, онан туындайтын міндеттер төңірегінде 1000-нан астам пост жариялады. Спикерлер және партия белсенділерімен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында пікірлер мен сұхбаттар жариялануда. Жолдаудан туындайтын міндеттер партияның барлық алаңдарында, бастауыш партия ұйымдарында жан-жақты талқыланып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жоспарға сәйкес жалғаса беретін болады.
Биыл 55 ауылда әкімдер сайлауы жоспарланған. Бүгінге дейін 52 ауылда әкімдер сайлауы өтіп, оларда «AMANAT» партиясынан ұсынылған 52 үміткер жеңіске жетті. Сонымен бірге кеше ғана яғни қыркүйектің 28-і күні Қазалы ауданы әкімі лауазымына сайлау өтіп, партия атынан ұсынылған кандидат, партияның облыстық филиалының экс төрағасы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы сайлаушылардың 65,2 пайыз дауысымен Қазалы ауданы әкімі болып сайланды.
26 наурызда Сырдария аудандық мәслихатына шығып қалған депутаттың орнына бір мандаттық сайлау округі бойынша сайлау өтіп, біздің партияның мүшесі Болатбек Ұлтанбекұлы депутат болып сайланды.
Бұл партияның нағыз көшбасшы ұйымға айналғанын көрсетеді.
Жалпы партияның алдында тұрған ең бірінші кезектегі міндет ол – партияның халыққа берген Сайлауалды уәделерінің орындалуы.
«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға жоспарланған «Халықпен бірге!» – деп аталатын Сайлауалды бағдарламасы бар. Барлық өңірлерде бағдарламаны нақты жүзеге асырудың арнайы Жол картасы әзірленді. Аймақ басшысының қолдауымен Жол картасының іске асырылу барысына мониторинг жасайтын және бақылайтын, облыс әкімінің бірінші орынбасары жетекшілік ететін бірлескен штаб құрылды. Штаб барлық іс-шараларды ұйымдастыруға, олардың тиімділігін, үйлестіру мен нәтижелілігін арттыруға ықпал етіп отыр. Осы жұмыстың нәтижесінде ағымдағы жылы сайлауалды бағдаламаны іске асыруға бағытталған Жол картадағы 110 тармақтың 32% орындалды. 68% пайызы орындалу сатысында.
Атап айтқанда, Қармақшы ауданының ІІІ-Интернационал және Дүр Оңғар ауылдарында спорт кешенінің құрылыстары аяқталып, нысандар пайдалануға берілді.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 3300 орындық 5 мектеп пайдалануға берілді. Атап айтқанда Жаңақорған кентіндегі Саяжай мөлтек ауданында 600 орындық мектеп, Қазалы ауданы, Жаңқожа батыр ауылы 300 орын, Сексеуіл кентінде 300 орындық мектеп, Қызылорда қаласы Арай мөлтек ауданында 1500 орындық мектеп, Қызылжарма мөлтек ауданында 600 орындық мектеп білім беруде.
Сондай-ақ, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Арал ауданы Тоқабай елді мекенінде 100 орындық мектеп, Жалағаш ауданы Аққыр ауылында және Шиелі ауданы Ақтоған ауылдық округі, Досбол би ауылында жаңа спорт кешендері табысталды.
Қазалы ауданындағы Ақтан батыр, Сырдария ауданындағы Н.Ильясов ауылы газбен қамтамасыз етіліп, 3,7 мың адам көгілдір отын игілігін көре бастады.
Бұл жұмыстар биыл да жоспарға сәйкес жүргізілетін болады.
9 айдың қорытындысы бойынша аймақтық және аумақтық филиалдар бойынша Партиялық бақылау комиссияларының 73 отырысы ұйымдастырылды. Оның 9 отырысы аймақтық деңгейде, 64-і аумақтық филиалдардың ұйымдастыруымен өтті.
Комиссия отырыстары мен рейдтік жұмыстары барысында 466 ұсыныс әзірленіп, оның 329-ы орындалды. Қалған ұсыныстар бойынша жұмыс жасалып жатыр.
Атап өту керек, есепті кезеңде облыста партиялық жауапкершілікке тартылғандар жоқ.
Партиялық бақылау комиссияларымен сайлауалды бағдарламаны өңірде іске асыру басталған кезеңнен бастап 84 нысанға партиялық бақылау бекеттері орнатылса, бүгінгі күнге 77 нысан пайдалануға берілді. 7 нысан құрылысы пайдалануға берілгенше партиялық бақылауда болады.
Бақылау комиссияларынан бөлек барлық деңгейдегі мәслихаттардағы фракциялардың жұмысы жаңа жолға қойылып, олардың өзара байланысы нығайып, тұрғындардың проблемалары үйлесімді жұмыстар арқылы шешілуде.
Есепті кезеңде мәслихаттардағы фракциялардың 45 отырысы өткізіліп, фракция мүшелерімен тиісті органдарға 630 депутаттық сауал жолданды.
Барлық облыс, қала, аудан әкімдері, әкім орынбасарлары фракцияларда есеп беріп, қабылдаулар өткізді.
Сайлауалды уәделердің уақытылы іске асырылуына үлкен үлес қосып келе жатқан органның бірі – партия филиалдары жанынан құрылған түрлі бағыттағы Кеңестер.
Жыл басынан Кеңестердің 45 отырысы өтіп, оларда135 мәселе қаралып, 197ұсыныстар көтерілді.
Жалпы барлық Кеңестердің жұмысы партияның сайлауалды уәделерінің орындалуына жүйелі бақылау мен бюджет қаражатының тиімді және ашық жұмсалуына мониторинг жасауды қамтамасыз етуде. Сонымен бірге кеңестер түрлі мәселелер бойынша нақты практикалық шешімдерді әзірлейтін диалог алаңдарына айналды.
Қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмысы бойынша айтар болсақ, партияның барлық филиалдарында қабылдау бөлмелері жұмыс жасайды.
Қабылдаулар барысында азаматтар көтерген мәселелер бойынша арнайы Ашық есік күндері мен «Құқықтық көмек», партия жобалары аясында тақырыптық қабылдаулар өткізіліп, тұрғындарға тиісті кеңестер мен көмектер көрсетіліп жатыр.
Мәселен, есепті мерзімде қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 6092 арыз-өтініш түскен болса, оның 62,8 пайызы оң шешімін тапты. 2170 өтініш бойынша заңнамалық түсіндірмелер мен құқықтық кеңестер берілді. 92 өтініш бойынша жұмыс жасалуда.
Республикалық деңгейде салыстырмалы түрде қарайтын болсақ тіркелген өтініштер саны бойынша Шымкент қаласы, Түркістан, Павлодар, Жамбыл және Алматы облыстарынан кейін біздің өңір Түркістан облысы, Шымкент қаласы және Ақмола облысынан кейін 4-ші, ал оң шешімдер үлесі бойынша 20 аумақтық филиалдың ішінде 6-шы орында келеді.
Бұл көрсеткіштер азаматтардың партияға деген сенімі деп білеміз.
«Құқықтық көмек» жобасымен өткен 32 тақырыптық қабылдауда 178 тұрғын қамтылды. 17 адамға көмек көрсетіліп, 11-не толық құқықтық сүйемелдеу жүргізілді. Атап өтейік, биыл жоба аясында қабылдаулар тек облыс орталығы мен қала мәртебесі бар елді мекендерде өткізілуде.
Сонымен бірге сайлауалды үгіт жұмыстары кезінде тұрғындардан жинақталған 1132 аманаттың 1104-і, яғни 97,5%-ы орындалды. 28-і орындалу сатысында.
Мобильді қабылдау жұмыстары да шалғай елді мекендер тұрғындарының өзекті мәселелерін оңтайлы шешуде. Жыл басынан 94 елді мекенде мобильді қабылдау ұйымдастырылып, оларда 876 мәселе қаралды. 499 мәселе оң шешіліп, яғни 56,9%-ы, 364 өтініш бойынша қолданыстағы заңнамалар аясында нақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта қалған 13 мәселе бойынша жұмыс жасалып жатыр.
Қоғамдық қабылдау жұмыстары ірі бастауыш партия ұйымдарында да өткізілуде. Ең бастысы, қабылдауларға түскен бірде-бір өтініш қараусыз қалмай жұмыс істелуде.
Партияның ақпараттық – идеологиялық жұмысын қарқынды ұйымдастыру бойынша партиялық жобалар аясында жұмыстар атқарылуда.
Өңірімізде әрбір саланы қамтитын партияның 11 жобасы бар. Жобалар аясында есепті мерзімде 35 485 азаматтың қатысуымен 1013 шара өткізілді.
Мәселен, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында 322 іс-шара ұйымдастырылып, жалғызбасты ардагерлерге түрлі бағыттағы көмектер көрсетілді.
«Кедергісіз келешек» жобасы аясында 208 шара өткізілді. Соның ішінде 21 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, 14 тұрақты, 69 мүмкіндігі шектеулі азаматтың уақытша жұмысқа тұруына қолдау жасалды. 90 тақырыптық қабылдау өтті.
«Бақытты отбасы» жобасы аясында әлеуметтік аз қамтылған 124 отбасыға демеушілер есебінен қайырымдылық көмектер көрсетілді. Осы жоба аясында партияның бастамасымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Баланы мектепке дайындайық!» акциясы өтіп,1914 бала мектепке қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді.
«Ұлттық мұра» жобасы аясында 83 ақындар айтысы мен терме, жыраулар сайысы өткізілді. 29 тамыз күні жоба шеңберінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай жас ақындар мен жазушылар арасындағы аймақтық «Ұлы дала» шығармашылық байқауы өткізіліп, жеңімпаздары марапатталды.
«Кітап – AMANAT» мәдени ағартушылық орталығында ІІІ тоқсанда 24 шара өткізіліп, 2 мыңға жуық оқырман қамтылды.
Партияның бастамасымен жүзеге асқан «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында өткен жылы 11 мың азаматты оқыту жоспарланып, өңірде 11210 азамат тегін қаржылық сауаттылығын арттыру курсынан өтті. Биыл жоба жалғасын тауып, ақпан айында 90 күннен астам берешегі бар азаматтар оқытылып жатыр. Қазіргі таңда 2745 азамат оқудан өтсе, 9390 азаматқа кеңес берілді.
«Жер аманаты» жобасы бойынша биылға жоспарланған 60,0 мың гектардың бүгінге 51 мың гектары қайтарылды. Қайтарылған жерлер мақсатты пайдалану үшін азаматтарға қайта табысталып жатыр.(Жылдық жоспар 85%-ға орындалып отыр.)
Қоғамдағы әйелдердің мәртебесін көтеріп, олардың белсенділігін арттыру мақсатында «AMANAT» партиясының барлық өңірлердегі филиалдары жанынан Әйелдер қанаты құрылған болатын. Облыстық «Әйелдер қанаты» өз жұмысын «Анаға тағзым» орталығында негізгі 10 бағыт бойынша жүргізіп келе жатыр. Есепті мерзімде 1000-нан аса әйел азаматтардың қатысуымен әйелдер қанаты 35 шара ұйымдастырды. Жалпы әйелдер қанаты отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға жәрдемдесіп, отбасы құндылықтарын дәріптеуге, кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсетіп, нәзік жандылардың ғылыммен айналысуына жағдай жасауға өз ықпалын тигізуде. Қазір әйелдер қанатын барлық аудандарда құруға жұмыс жасалып жатыр.
Партия филиалы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанаты жұмысына келсек, аймақта 26 бастауыш бөлімшелер жұмыс жасап келеді.
Бүгінгі күні өңіріміздегі белсенді жастардың бірлескен жұмысының нәтижесінде әртүрлі бағыттағы облыстық және республикалық маңызды жобалар сәтті жүзеге асырылып келеді. Партиялық жобалар мен жастарға бағытталған іс-шаралар түрлі «Вirtolqynda»,«РухтастарCases» диалогтық алаңдарытұрақты ұйымдастырылып, БАҚ-да ақпараттандырылуда.
Жастар рухы өткен жылы өңірлік«Ерікті көмек» жаңа жобасын бастаған болатын.Жоба аясында109қызу желісііске қосылып, шұғыл көмек қажет 300-ден астам әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсетілді.Жобаның ауқымы кеңейіп, барлық аудан мен қала 109-қызу желісіне қосылды. Жыл басынан бері 250-ден астам қоңырау келіп түсіп, оның ішінде, қызу желі жобасына сәйкес келетін 175 жағдайы төмен, жалғыз басты қарттарға азық-түлік пен үй ауласына қол көмек жұмыстары жүргізілді.
Өңірде Жаңақорған, Шиелі аудандарында, Қызылорда қаласында қоғамда жаңа экологиялық мәдениет қалыптастыру, табиғат пен тарихи мұраға құрметпен қарау және азаматтардың қоршаған орта алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған «AMANAT» партиясының «TazaQazaqstan» road-эстафетасы өтті.
Жалпы іс-шара 1 аптаға жоспарланған. Апта басында партияның Атқарушы хатышысы Дәулет Кәрібек, Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Жастар Рухы» жастар қанатының мыңдаған белсендісінің қатысуымен Алматы облысынан басталып, Шымкент және Жамбыл, бүгін Түркістан облысына келіп, біздің өңірде аяқтады. Осы облыстар арқылы мың шақырымнан астам жолдың бойында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Енді ішкі партиялық жұмыстарға келсек, есепті кезеңде партия қатарына жаңадан 789 адам қабылданып, партия қатарынан 136 адам шығарылды.
Жақында партияның Саяси менеджмент академиясының бастамасымен бастауыш партия ұйымдары төрағаларына арналған екі күндік оқу семинары өтті. Оған 70 бастауыш ұйым төрағалары қатысып, қоғамдық-саяси процестердегі бастауыш партия ұйымдарының рөлі, Саяси көшбасшылық пен коммуникациялық дағдылар бойынша арнайы бағдарламадан өтті.
Жалпы бұл атқарылған жұмыстар өңірдегі партияның 1аймақтық, 9 аумақтық филиалдары жанында 207 бастауыш ұйымына топтасқан 47 мыңнан астам партия мүшесі мен мәслихаттардағы 152 мандаттың 124-ін иеленіп отырған фракция депутаттары және мыңдаған партия жақтастарының тікелей қатысуымен жүргізілген жұмыстардың жемісі.