25 қазан Республика күніне орай ұйымдастырылған «AMANAT» партиясының кубогіне арналған «AMANAT CUP» XХIІ Республикалық пікірсайыс турнирі аяқталды. Қызылорда қаласында кеше бастау алған турнирдің ақтық сайысы тартысты өтіп, ең мықтылар анықталды.
«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты мен Ұлттық пікірсайыс федерациясы ұйымдастырып жатқан турнирдің финалдық ойындарына ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаттары Самат Нұртаза, Болат Керімбек, Максим Рожин, журналист, «Уəде» тележобасының авторы Ерболат Мұхамеджан, Қызылорда облысы əкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов жəне «Жастар Рухы» төрағасы Ақерке Искандерова, сондай-ақ жергілікті мəслихат депутаттары мен қоғам белсенділері қатысты.
Турнирдің Американдық парламенттік формат ойындарының финалында «Қорқыт ата» фракциясы – Жакен Нұрхан, Жакен Нұркен (Алматы қаласы мен Ақтөбе облысынан құрылған команда) мен «Ақеспе» фракциясы – Əлішбаев Мұхаммедəлі, Есенов Темірлан (Алматы қаласы) кубокты ортаға салса, Линкольн-Дуглас форматында Жəкен Нұркен мен Есенов Темірлан үздік спикерлікке таласты.
Ақтық сайыста төрешілік еткен журналист, «Уəде» тележобасының авторы Ерболат Мұхамеджанның айтуынша зияткер, сөзге шешен жастардың пікірін ашық білдіруіне мүмкіндік беру керек дейді:
«AMANAT CUP бұл – пікірсайыс үшін дұрыс дәстүр қалыптастырып келе жатқан турнир. Ерекшелігі – жыл сайын Қазақстанның әр өңірінде өтуі. Бұл әр аймақта пікірсайыстың дамуына деген серпін. Осы сынды турнирлер көп болуы керек, әрі қарай дамуы керек. Тек қана «AMANAT» партиясы ғана емес, басқа да партиялар күш жұмылдырып, ықпал етуі керек деп ойлаймын. Болашақ мықты саясаткерлерді, кадрларды қалыптастаруда пікірсайыстың маңызы зор»,- деді Ерболат Мұхамеджан.
Екі күнге жалғасқан ойын нəтижесі бойынша қазақ лигасында «AMANAT CUP» кубогы мен 600 000 теңгені Алматы қаласының «Ақеспе» фракциясы (Әлімбаев Мұхаммедәлі, Есенов Темірлан), 400 000 теңгемен ІІ орынды Алматы қаласы мен Ақтөбе облысынан құралған «Қорқыт ата» фракциясы (Жәкен Нұрхан, Жәкен Нұркен), ал Алматы облысынан «Райым» фракциясы (Бейсенәлі Құбыла, Жақсылық Ботагөз) жүлделі ІІІ орын мен 200 000 теңгені қанжығаларына байлады.
Сонымен қатар, орыс лигасында кубок пен 600 000 теңгені Павлодар облысының «Қосжар» фракциясы (Жақсылык Бекхан, Итегулов Ақылжан), астаналық «Құмбазар» (Ролан Мұхитжан, Құнанбай Бердалы) 400 000 теңгемен ІІ орынды, ал жүлделі ІІІ орын мен 200 000 теңгені Қызылорда облысының «Амангелді» фракциясы (Бекжан Айзере, Төлебай Ердаулет) қанжығаларына байлады.
Жастар қанаты əзірлеген Темірлан Есенов (қазақ лигасы), Жақсылык Бекхан (орыс лигасы) «Үздік спикер» номинациясын, «Үздік төреші» атағын қазақ лигасынан Архат Сарсенбаев пен орыс лигасынан Айжан Орынбасар иеленді.
2024 жылғы «AMANAT CUP» жеңімпазы, «Ақеспе» фракциясының спикері Темірлан Есенов турнирден алған әсерімен бөлісті:
«Биылғы «AMANAT» партиясының кубогіне арналған «AMANAT CUP» XХIІ Республикалық пікірсайыс турнирі қатысушылар арасында өте тартысты өтті. Осыған дейін өзге өңірлерде өткен турнирлерге қатысқан болатынмын. Міне, биыл кубокты иелену бұйырған екен. Жоғары ұйымдастырушылық деңгей мен әділ төрешілік үшін «Жастар Рухы» және Ұлттық пікірсайыс федерациясына рахметімді айтамын. Шын мықтылар сөз таластырған қызықты турнирге куә болдық. Сөзге шешен, тәуелсіз пікірі қалыптасқан жастар қатары көбейе берсін»,- деді Т. Есенов.
Турнир үшінші жыл қатарынан «Жастар Рухы» серіктесі Ислам ынтымақтастығы ұйымы Жастар форумының Еуразиялық өңірлік орталығының қолдауымен өтуде.
Ұйымдастырушылардың айтуынша Қазақстанның барлық аймақтарынан келген пікірсайысшылар Қызылорда қаласында 3 000 000 теңге көлеміндегі ақшалай жүлдеқор мен кубокқа таласты. Турнирде 120 жастан жиналған 60 фракция (қазақ-орыс) Британды, Америкалық жəне ЛД форматында ойнады .