Президентіміздің және Үкіметтің қолдауымен Сыр өңірінің аграрлық саласында мақсатты бастамалар қолға алынып, ауқымды жобалар жүзеге асуда.

Соңғы 3 жыл ішінде мемлекет тарапынан аграрлық саланы қолдауға 65 млрд. теңге қаржы бөлінді. Шаруашылықтар есебінен 34 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша бірқатар бағдарламалар іске қосылып, осы бойынша жаңа жұмыс орындары ашылуда. Бұл ауылды жерлерде кәсіпкерлікті дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек өнімділігін арттыруды діттейтін бағдарламалар.

Атап айтар болсақ, «Кең дала – 2» бағдарламасы диқаншы қауым үшін қолайлы шешім болды.

Аймақ басшысының қолдауымен бағдарлама аясында егін егу және жинау жұмыстары үшін жеңілдетілген пайызбен 10 млрд. теңге несие алынды. бұрынғы жылдары небәрі 2 млрд. теңге көлемінде ғана бөлініп келген.

Бұдан бөлек, ауыл-аймақты дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы бастау алды. Ауыл халқының тұрмыс-тіршілігін, әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бұл жоба бойынша соңғы екі жылда 1000-ға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды.

Өңірде ірі инвестициялық жобаларды салу үшін Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске қосылды. Осы бағытта өңірімізде тауарлы сүт фермасы мен азық-түлік қоймаларын салу, су үнемдеу технологиясын пайдалану арқылы егін егу жұмыстарын жүзеге асыру жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығын, оның әр саласын өркендетуге бағытталған бұл бағдарламалар аймақтың экономикалық дамуына өз септігін тигізеді деген сенімдемін.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған