Сырдария аудандық сотында борышкер М. қатысты көлік құралдарын жүргізу куәлігінің қолданылуын уақытша тоқтату туралы сот орындаушының ұсынымы қаралды.
Іс бойынша М. кәмелетке толмаған баласын асырап бағу үшін өндіріп алушы К.-ның пайдасына алимент өндіру туралы сот бұйрығын орындаудан жалтарып, 2 938 170 теңге көлемінде алимент бойынша берешегі жинақталған.
Сот отырысында өндіріп алушы К. борышкер М. тарапынан баласын асырап бағуға алимент төлемейтінін, баласы ІІ-топ мүгедегі екенін, оған төленетін жәрдемақылар ем шарасынан артылмайтынын көрсетіп, ұсынысты қанағаттандыруды сұраған.
Іс құжаттарынан анықталғандай борышкерге жеке сот орындаушысымен сот актісін орындау міндеттілігі жөнінде ескертілген, жұмыссыз ретінде тіркеліп, қоғамдық жұмыстар не басқа да жұмыстарды жасау мүмкіндігі ұсынылған, алайда ол жұмыссыз ретінде тіркелмеген.
Борышкер тарапынан алимент төлеу мақсатында шаралар атқарылмаған.
Сот ұйғарымымен сот орындаушының ұсынымы қанағаттандырылып борышкер М. көлік құралын басқару құқығы, берешегін өтегенше тоқтатылды.
Борышкердің сот ұйғарымына берген шағымы Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасында қаралып, қанағаттандырусыз қалдырылды.
Сырдария аудандық соты