Өкінішке орай, бүгінгі күні алаяқтардың арбауына түсіп қалып жатқан адамдар аз емес және оның торына кез келген адам түсіп қалуы мүмкін.

Шиелі аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2)-тармағымен екі сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, сотталушы А. 2022 жылдың наурыз айында сыбайласы сотталушы Б. екеуі пайдакүнемдік мақсатта бөтеннің мүлкін ірі және аса ірі мөлшерде бірнеше рет жымқыру мақсатында адамдар тобы болып алдын ала сөз байласқан.

 Әрі қарай, сотталушылар 2022 жылғы 2 тамыз бен 26 тамыз аралығында аудандағы алтын бұйымдарын сататын кәсіпкерлерге жалған айту арқылы сенімдеріне кіріп, олардан алтын бұйымдарын алып, нарықтық құнынан төмен бағамен алтын бұйымдарды ломбардтарға өткізіп, түскен ақшаларды жеке бас пайдаларына жаратып, адамдар тобының сөз байласуы арқылы сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденіп, жымқырып отырған.

Нәтижесінде жәбірленушілерге жалпы құны 70 089 970  теңге көлемінде мүліктік шығын келтірілген.

Сот үкімімен сотталушылар ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2)-тармағымен кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жәбірленушілерге келтірілген шығынның 10 000 000 теңгесі қайтарылған.

Сот үкімімен азаматтық талап қоюшылардың азаматтық талаптары ішінара қанағаттандырылып, олардың пайдасына өкілдің көмегіне жұмсаған шығындарын қосқанда жалпы мөлшері 60 527 690  теңге өндіру туралы шешім етілген.

                                                                               Шиелі аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған