ДЕРЕУ БАНККЕ НЕМЕСЕ МИКРО­ҚАРЖЫ ҰЙЫМЫНА (МҚҰ) ХАБАРЛАҢЫЗ

Кредиттің алаяқтық жолмен ресімделгенін айтып кредиторға қоңырау шалыңыз немесе жазыңыз. Картаны, шотты және қосымшаны бұғаттауды;

жүгіну фактісін тіркеуді талап етіңіз.

– ПОЛИЦИЯҒА ХАБАРЛАСЫҢЫЗ

Полицияға өтініш беріңіз (eGov, eOtinish немесе жеке барып). Банктің/МҚҰ-ның күнін, сомасын және атауын көрсетіңіз. Барлық дәлелдемені (SMS, алаяқтар қоңырау шалған нөмірлердің скриншоттары, хат-хабарлар, үзінді-көшірмелер) қоса беріңіз.

– ПРОЦЕСТІК ҚҰЖАТТЫ АЛЫҢЫЗ

Полиция:

жәбірленуші деп тану туралы қаулы­ны (ҚПК-нің 71-бабы), немесе қылмысқа ықпал еткен мән-жайларды жою жөнін­дегі шаралар қабылдау туралы ұсыну­ды (ҚПК-нің 200-бабы) беруге тиіс, құжат тіке­лей кредиторға жіберіледі. Бұл құжат кредитордың пайызды (айып­ақыны) есеп­теуін және қарызды өндіріп алуын тоқтата тұру үшін қажет.

– ЕСЕПТЕУЛЕРДІҢ ТОҚТАТЫЛА ТҰРҒАНЫН ТЕКСЕРІҢІЗ

Кредитор полиция құжатын алғаннан кейін күн­тізбелік 3 күн ішінде:

пайызды және айыпақыны (өсімпұл, айыппұл) есептеуді тоқтатуға;

берешекті өндіріп алуды және талап-арыз жұмысын тоқтата тұруға міндетті.

– ЕГЕР КРЕДИТОР 4-тармақта көз­делген ШАРАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУДАН БАС ТАРТСА, Банктің/МҚҰ-ның бас тартуын және поли­ция­ның процестік құжатын тіркеп, ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНЕ eOtinish порталы арқылы шағым жіберіңіз.

– БЕРЕШЕКТІ НЕГІЗДЕР БОЛҒАН ЖАҒ­ДАЙДА ҒАНА ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУҒА БОЛАДЫ

Алаяқтық кредитті есептен шығару авто­матты түрде болмайды. Бұл банк/МҚҰ тара­пынан бұзушылықтардың расталған фак­тілері, сондай-ақ полиция мен соттың құжат­тары болған жағдайда ғана мүмкін болады.

Егер банк немесе МҚҰ міндетті талап­тарды бұзса және полиция алаяқтық фактісін растаса, соттан тыс (сотсыз) есептен шығаруға негіздеме болады.

Қандай бұзушылықтар маңызды болып саналады?

1) онлайн-кредитті ресімдеу кезінде биометрия­лық идентификаттау жоқ;

2) кредит клиенттің қарыз алудан ерікті түрде бас тартқаны туралы белгі қойылған кезде беріледі;

кредит берудің жас шектеулері бұзыл­ған (кредитор бөлімшесінде жеке өзі болған кезде ресімделген кредитті алуға олардың келісімінсіз 21 жасқа толмаған немесе 55 жастан асқан адамға кредит берілген, не eGov порталы, кредиттік бюро немесе элек­трондық үкіметпен ықпалдастырылған кре­­дитор жүйелері арқылы онлайн режимінде);

банкте 150 АЕКтен жоғары сомаға және МҚҰ-да 75 АЕКке алғашқы тұтынушылық ке­пілсіз онлайн кредит беру жүзеге асырылды;

«шешім қабылдау кезеңі» сақталмаған – ақша белгіленген уақыттан бұрын берілген:

– 150-ден 255 АЕКке дейінгі сомаға банктік қарыз шарты жасалғаннан кейін және қарыз алушының келісімін алмай, 8 сағат бұрын,

– 255 АЕКтен жоғары сомаға – 24 сағат бұрын;

– 75 АЕКтен астам сомаға микрокредит 24 сағат бұрын.

Көрсетілген шектеулер, егер клиент бір күн ішінде бірнеше онлайнкредит ресімдесе де қолданылады.

Ерекшеліктер: кредит тауарға, қызметке немесе жұмысқа ақы төлеу үшін беріледі және тікелей сатушыға төленеді немесе егер кредит бойынша берешекті сол банкте немесе микроқаржы ұйымында, сондайақ төлем картасы бойынша белгіленген лимит шегінде 150 АЕК дейін өтеу көзделсе.

Қандай құжаттар қажет:

1) сізді жәбірленуші деп тану туралы полиция қаулысы (ҚПК-нің 71-бабы), немесе

2) алаяқтық мән-жайларын жою жөнінде шаралар қабылдау туралы полицияның ұсынысы (ҚПК-нің 200-бабы).

Кредитор кредиттің көрсетілген бұзушылықтармен берілу фактісі анықталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде және құқық қорғау орган­дарының процестік құжаттары болған кезде берешекті есептен шығарады, кредит­тік тарихқа өзгерістер енгізеді және ұсталған соманы қайтарады.

Егер банк/МҚҰ тарапынан бұзушы­лықтың жасалғаны айқын болмаса, бірақ полицияның тергеп-тексеруі алаяқтық фактісін растаса полиция дәлелдер базасын жинайды және материалдарды сотқа тапсырады;

сот кредиттің алаяқтық жолмен ресімделу фактісін белгілейді және оның банк/МҚҰ жасаған бұзушылықтардың салдарынан болғанын растайды.

Банктің/МҚҰ-ның негізгі бұзушылық­тары:

үшінші тұлғаның клиенттің идентифи­каттау деректерін заңсыз алуы және пайда­лануы (құрылғыларды қашықтан басқаруды қоса алғанда);

биометриялық идентификаттаудың бұ­зылуы;

алаяқтық белгілерін анықтау және тіркеу жөніндегі талаптарды сақтамау.

Сот шешімі заңды күшіне енген­нен кейін Кредитор 10 жұмыс күнінен кешіктір­мей:

мұндай кредит бойынша берешек­ті есептен шығаруға;

клиентке ұсталған немесе төленген соманы қайтаруға;

кредиттік тарихты жаңартуға міндетті.

Полицияның процестік құжатынсыз немесе сот шешімінсіз банк/МҚҰ кредитті есептен шығара алмайды.

Есептен шығару қолданыстағы заңна­ма шегін­де банктің/МҚҰ-ның белгілен­ген бұзушылық­тары жағдайында ғана жүргізі­леді.

Банк/МҚҰ талапты орындаудан бас тартқан кезде Қаржы нарығын рет­теу және дамыту агенттігіне eOtinish пор­талы арқылы шағым беріңіз.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған