Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 68 мекемесінде мекеме бастығының жалпы сұрақтар бойынша орынбасары әділет майоры Е.Романкуловтың төрағалық етуімен апталық мәжілісте зейнетке шығарып салу рәсімі өтті.
Атап айтқанда, мекеме бастығының жалпы сұрақтар бойынша орынбасары әділет майоры Р.Тілеумұратов өз қызметінде қажырлы еңбегімен ҚАЖ саласында жас буынға тәрбие тәлімін беріп, қауырт қызметті ауырсынбай абыроймен бірнеше жыл еңбек етіп келді. Қажырлы еңбек пен төккен тердің арқасында бүгінде абыройлы зейнеткер атағын арнайы алып отыр. Осы ретте мекеме бастығының орынбасары арнайы смарт теледидар мен мақтау тақтайшасын арнайы тарту етті.
Тергеу мекемесінің жас буын қызметкерлері зейнет жасына жеткен майордың жолын қуып, үлгі тұтарлықтай үлгі өнеге алып, осы кісінің жолын берсін деген ниетте ақ батасын алып, жылы лебіздерін білдірді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған