Әйтеке би кентіндегі Оқушылар үйінде орналасқан №56 референдум учаскесінде тұрғындар саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауын жасауда.

Наурызнама онкүндігі аясында учаске маңында арнайы Этноауыл ұйымдастырылып, ұлттық дәстүрлер кеңінен насихатталуда. Этноауылда алтыбақан құрылып, келушілерге ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Дауыс беруге келген тұрғындарға наурыз көже мен қазақтың ұлттық сусындары ұсынылып, ұлттық нақыштағы қонақжайлықтың үлгісі көрсетілді


Сондай-ақ, жыршы-термешілер де өз өнерлерін ортаға салды. Ал жасы үлкен қарияларымыз бен ақ жаулықты аналарымыз елдің амандығын тілеп, ақ баталарын беріп, жастарды бірлікке, ел болашағына бейжай қарамауға шақырды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған