Қызылорда әуежайының жаңа терминалы техникалық жағынан да, стильдік, дизайндық жағынан және қызмет көрсету жаңынан да жаңа заманауи деңгейдегі әуежайдың бірегейі болып табылады. Барлығы өте ойластырылған, артық ештеңе жоқ және тартымды көрінеді.
Әуежайдың қызмет көрсету сапасы өз алдына бөлек әңгіме, сөз жоқ. Қорқыт Ата әуежайы өзінің жоғарғы қызмет деңгейімен жолаушыларға сапалы қызмет көрсете отырып, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға да өз үлесін қосады деген ойдамын.
Пірмұхаммед Сыздық
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры