Қызылорда қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауда №19 сайлау округі бойынша дауыс беруге ниет білдірген азаматтардың арасында үйден өтініш қалдырған азаматтар да бар.
Қазіргі уақытта учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері тасымалданатын жәшікпен бірге азаматтардың үйіне барып дауыс беруге жағдай жасауда.