2022 жылғы маусымда Ұлттық құрылтай отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін мерекелеуді қалпына келтіруді және оған ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Сол жылдың 29 қыркүйегінде Мемлекет басшысы тиісті түзетулермен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мереке мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылды және 2022 жылдан бастап  25 қазан – Республика күні ұлттық мереке ретінде аталып өтіледі.

Тарихи даму нәтижесінде әлемнің көптеген елдері республикалық басқару формасына келді. Республика латын тілінен аударғанда «халықтың күші» дегенді білдіреді, бұл елді басқарудың осы тәсілінің демократиялық сипатын көрсетеді. Саясаттану ұғымы ретінде басқару формасы туралы айтатын болсақ, ол жоғарғы билікті қалыптастыру тәсілін білдіреді. Республикаларда мұндай әмбебап әдіс сайлау болып табылады. Тәуелсіз мемлекеттің егемен халқы ел азаматтары арасынан депутаттар мен президентті өздері сайлайды. Еркін таңдау құқығы, тең дауыс беру құқығы –еркін халықтардың өз тәуелсіздігі мен егемендігін қорғау жігер береді. Мұндай ұмтылыс халықты біріктіреді, барлық азаматтарды бостандық, теңдік және тәуелсіздік идеялары мен құндылықтары төңірегінде біріктіреді. Сондықтан бүкіл әлем бойынша және әртүрлі елдерде Республика күні тәуелсіздік жолындағы ел тұтастығы пен бірлігі мерекесін білдіреді.

Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып алға шыққан кейін, өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бекітілді.Осы қасиетті белгілердің мәнін,Республика мерекесін бүгінгі және болашақ ұрпақ жіті түсініп, бағалай білуі қажет.Бұрынғы тарихты парақтасақ, ұғатынымыз әлі де білетініміз көп- ақ.Әйтсе де өткен күн тарих болып қалары хақ.Тек соны жас ұрпақ санасына құя біліп, дәріптеу қажет!

Н.Елшібеков

Шиелі аудандық соты әкімшісінің басшысы.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған