Дауыс беру күні өз учаскесінде бола алмаған, немесе өзге де себептермен іссапарға кеткен азаматтар есептен шығару куәліктерін ала алады. 14 наурыз күні, сағат 18.00-де есептен шығару куәліктерін беру тоқтатылды. Аймақта 391 азамат есептен шығару куәлігін алды.Бүгін азанғы уақыттан бері осы кезге дейін 225 азамат есептен шығару куәліктерімен келіп дауыс берді.