Кросфит жаттығулары- Күш пен төзімділікке арналған заманауи спорт түрі. Ал, құтқарушылар мұндай жаттығуларды күнделікті орындайды. Өйткені, құтқарушылардың қызметі  шыдамдылықты,физикалық дайындық пен қайсарлықты талап ететін іс-қимылдардан тұрады. 

Бүгінде 19-қазан құтқарушылар күні және 25-қазан Республика күніне орай Қызылорда облысы ТЖД «Жедел құтқару жасағы» РММ оқу жаттығу базасында «Кроссфит» сайысы ұйымдастырылды. Аталған шараға құтқарушылардың отбасы мүшелері шақырылып, құтқару қызметінің бір күндік тынысымен таныстырылды.

Құтқару бөлімшелері арасындағы тартысты бәсекеде  қатысушылар 10 мәрте белтемірге тартылып,Жүк көлігінің доңғалағын 15 метр қашықтыққа енімен айналдырып, 24 килограммдық гір тасын -10 мәрте көтеріп, ауыр бөренені 10 мәрте көтеріп отырып-тұру қажет. Мұнан соң жүк көлігінің доңғалағын 10 метр қашықтыққа ауыр кувалмен ұрыпжылжытқан соң, жерден қолды бүгіп жазу (отжимания)-20 мәрте жасап, кезек келесі қатысушыға беріледі. Әрине мұның барлығын бір мезетте жасау оңайға соқпасы анық. Дегенмен күш пен төзімділікке негізделген бұл сайыста құтқарушыларбірінен-бірі оза түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды –2 құтқару бөлімшесі жеңіп алса,  2-орынды –4 құтқару бөлімшесі,  3-орынды- 3 құтқару бөлімшесі иеленді. Сондай-ақ «Кроссфит сайысынд»а ең үздік нәтиже көрсеткен С. Әлібеков пен 50 жастан асса да жастардан қалыс қалмай үздік нәтиже көрсеткен П. Нарынбетов марапатталды.

Шара соңында құтқарушылардың балаларына авариялық-құтқару жұмыстары кезінде қолданылатын арнайы техникалары мен құрал жабдықтары таныстырылды. Әсіресе балалардың құтқару қызметіне деген қызығушылығын оятқан ерекше әсерде өткен көрмеден соң, барлық қатысушылар мерекеге орай дайындалған дастарханға жайғасты. Қызылорда облысы ТЖД «Жедел құтқару жасағы» РММ

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған