2022 жылы өткізілген Пиза халықаралық зерттеуінің қорытындысымен 24 мектеп, 1 спорт интернат, 5 колледж облыс көрсеткіші математикалық сауаттылық пәні бойынша республикалық деңгейден жоғары болғанымен, оқу сауаттылығы бойынша республикадан 13 баллға, жаратылыстанудан 18 баллға төмен.

Мәселен 24 мектеп: Аралдағы №№20, 22, 57, 61, Қазалыдағы №№88, 170, 204, 266, Жалағаштағы №№201, 202, Сырдариядағы №№35, 137, Шиелідегі №270, Жаңақорғандағы №№110, 208, 223, Қызылорда Абай мектебі, №№12, 101, 112, 212, 217, 261, 271 мектептер мен Жалаңтөс Бахадүр атындағы облыстық спорт интернаты, Қызылорда жоғары медицина колледжі, М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжі, Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледж, С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінің, Шиелі аграрлы-индустриалды колледжінің оқу сауаттылығы төмен болып отыр.

Осы ретте, орта білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында, халықаралық зерттеулердің тест тапсырмалары қамтылған цифрлық платформалармен дайындық жұмыстары қолға алынуда.

Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына арналған «Цифрлық ұстаз» жобасы іске асырылуда.

Жоба мақсаты – балалар үшін негізгі пәндер математика, физика, химия, биология бойынша білімдегі олқылықтарын толтыру үшін қосымша сабақтар ұйымдастыру

Осыған орай 2 пәннен қосымша сабақ беру бойынша жобаға қатысатын 239 мектептен 7-10 сынып аралығындағы 2 363 баланың тізімі нақтыланды. Биыл қыркүйек айынан бастап жұмысын бастайтын болады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған