125 High School брендімен жұмыс істейтін «YBYRAI ULTTYQ mektebi QYZYLORDA» оқушысы қазіргі уақытта Қызылорда облысында ҰБТ бойынша ең жоғары 136 балл жинады. Осындай жетістіктері үшін түлектерге аттестат табыстау іс-шарасын өткізу кезінде аталған оқушы Есен Жасұланға 1 000 000 теңге мөлшерінде сома табысталды.

ҰБТ-дағы жоғары ұпайлардан басқа, мектеп рекордтық алтын медаль иегерлерін шығарды, олардың жалпы саны 15 түлек. Оларға медальдарды тапсыру үшін қазақстандық композитор және әнші педагог, Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Алтынбек Қоразбаев іс-шараның арнайы қонағы болды. Сондай-ақ, ол бұл шараны өзінің әйгілі «Айхай, 25» әнімен ашты.

Сонымен қатар профессор, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының II, III және IV шақырылымдарының депутаты Бақберген Сәрсенұлы Досманбетов 15 түлекке үздік аттестат табыс етті, ал қалған мектепті үздік бітірген 14 түлекке қалалық білім бөлімінің өкілі аттестат берді. Қызыл аттестат алғандардың жалпы саны 29 болды.

Ал болашақ мамандық ретінде заң бағытын таңдаған оқушылар өз аттестаттарын Қызылорда облыстық сотының судьясы Тұрбаев Ермек Боранбайұлының қолынан алды.

Сонымен қатар 125 High School және YBYRAI ULTTYQ mektebi QYZYLORDA мектептерін 11 сынып оқушыларының рекордтық саны аяқтады, яғни 188 түлек бітірді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған