Өңірімізде  стартап жобалар мен инновациялық технологияларды дамыту мақсатында жұмыс істейтін Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторы “Startup Joly” бағдарламасы бойынша  семинарлар легін жалғастыруда.

Бағдарлама аясында бизнес-инкубатор кәсіпкерлік тақырыбында стартаперлерге облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Исатай Сәбиұлымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында кәсіп бастау кезіндегі қателіктер, алғашқы табыс және бизнес бойынша инсайттар айтылып, қатысушылар тарапынан түрлі  сұрақтар қойылды.

Идея мен креативке толы жастармен кездесу болды.  Қатысушылардың білімге құштарлығы қатты қуантады. Жалынды жастармен тағы кездесу ұйымдастыруға қарсы емеспін. Жастар – біздің болашағымыз,-деді Исатай Сәбиұлы.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған