Тоқты

Ең бастысы – іздену. Өмірдің мәнін іздеу. Жастар үшін қандай оқу орнына құжат тапсыру керек? Жоғары оқу орнын бітіріп, диплом алғандар үшін кәсіп көзін, жұмыс орнын іздеу керек. Әрине, ұсыныстар болады. Адамдармен қарым-қатынас жасаудан қашпаңыз. Бір жанның көмегі тиеді. Сол жан арқылы көптен бергі арманға қол жеткізуге болады.

 Үлкен жастағыдар үшін ең бастысы тыныштық, жан тыныштығы керек.

Айдың бірінші жартысы шабыт уақыты. Одан кейін тыныштық. Уақытты босқа жібермеңіз.

Торпақ

Егер біреу сіздің өміріңізден кеткісі келсе, кедергі болмаңыз. Мақсаттарыңызға жетуге, ойға алған істі аяқтауға бәлкім сол кедергі болған болар. Айрылысудан кейін жаңа таныстықтарға сақ қарайсыз, арада шекара ұстайсыз. Олай етудің керегі жоқ. Сол айналаңыздағы жандардың бірі көптен бергі мақсатыңызға қол жеткізуге ықпал етеді.

Қаржы мәселесінде тұрақтылық бар. Дегенменен бастаманы өз қолыңызға алып, күш салу керек, екіншіден өз шығыстарыңызға және жинаған қаражатқа ұқыпты болыңыз.

Көлік мәселесінде абай болыңыз. Жол ережесін сақтаңыз. Масаң қалыпта көлік айдамаңыз, басқаға көлік тізгінін сеніп тапсырмаңыз.

Егіздер

Көптен бергі аңсап жүрген сәттілік. Бұрынғы жасаған бейнеттің зейнеті, рахаты күтіп тұр. Табыс мол. Ақша, құрмет, атақ бәрі қатар келеді. Бұл жақсылық келер айға да жалғасуы мүмкін.

Жаңа жобалар бастауға, сондай-ақ өз шебіңізді нығайтуға қолайлы уақыт. Қандай бастама болса да, сәтті болғалы тұр.

Алайда, мұндай табыстың көлеңкелі тұсы да бар. Жақсылықты көре алмаушылар, қызғаныш білдірушілер жетерлік. Олар бұрыннан келе жатқан өтірік табынушылар, әріптестер болып, тіпті көмек те сұрайды. Маңайыңызға жақындатпаңыз. Сіздің еңбегіңізді иемденулері мүмкін. Сізді жаманатты етіп көрсетуге тырысады.

Шаян

Бірқалыпты. Дұрысы демалысқа шығу. Алда әлі талай қызу жұмыс бар. Демалыста күш жинап алыңыз. Содан соң көптен бері көздеп жүрген мақсаттарды жүзеге асыруды қолға алыңыз.

Шаяндар әдетте басқалардың еркін тез билеп алатын, басқаларды өздері бағындыра алатын “билікқұмар”. Кейде нашар әдістерге де барады, әрдайым адал жолмен жүре бермейді. Алайда, жеңіске жетуде әдіс таңдап жатасың ба? Жеңіске көп масаттанбаңыз. Шыққан тұғырыңыздан тайдыруға өкшеңізді басып келе жатқандар да жоқ емес. Дұрысы, шыққан тұғырыңызға мығым болыңыз.

Арыстан

Табысты ай болғалы тұр. Еш кедергі жоқ сияқты. Тек алға ұмтылып, толағай табысқа жету бұйырып тұрғандай. Алайда, уақытында тоқтай білу керек. Қиылыстарды да абайлау қажет. Әйтпесе, бүлінгенді дұрыстау, кеткенді келтіру оңай емес. Алдағы қиындықтар туралы дер кезінде ескертетін жандар кезігеді. Тек, оларды тыңдай білу керек.

Арыстандарға, негізі өзімшілдік, мақтаншақтық тән. Маңызды шешімдер қабылдағанда осы екеуінен абай болу керек. Әйтпесе, өз өзіңізге кедергі қоясыз.

Демалысты да ұмытпаңыз. Әсіресе айдың соңғы жағында. Табиғатқа серуендеген ойға да, бойға да жақсы.

Бикеш

Жұмыс бағытында өзі уайымсыз, бірізбен жүретін түзу соқпақ жасап алған. Жоғары да, төмен де жүруге ыңғайлы. Кедергілер көрініп тұрған жоқ. Өзінің амбициалық жоспарын жүзеге асыруға қолайлы уақыт. Алайда, көреалмаушылар менен қызғаншақтардан абай болыңыз. Ең бастысы алған бағытыңыздан қайтпай, түзу жолдан ауытқымаңыз. “Ит үреді, керуен көшеді”. Дау-дамайға араласып, айтысып, тартысып керегі жоқ. Тек зияны тиеді.

Айдың соңында қызықты ұсыныстар болады. Не болғанда да пайдалы байланыстардың артықтығы жоқ. Өзіңізге бұрыннан таныс, ниеті дұрыс емес жандардың бірі бұрыннан келе жатқан талапты қайта қояды. Алдын ала дайын болыңыз. Оған бола жүйке шаршатып, уақыт кетірмеңіз.

Таразы

Өз өмірінде өзгеріс жасау үшін әдетте он ойланып, жеті рет кесіп, пішетін, реті келсе ағыспен жүзгенді ұнататын Таразылар үшін тосын дербес шешім қабылдауға тура келеді. Жағдай осыған итермелейді, қалай болғанда да бір шешімге келу керек. Бәсекелестік – негізгі себеп. Таразылар өзінен басқалардың үздік, мықты болып, алға шыққанына төзе бермейді. Мәселен, жұмыс барысында әріптестеріңіздің ылғи алда болуынан шаршайсыз да, тізгінді қолға аласыз. Әрине, бұны басшылық бағалайды, немесе өзіңізден басқаның бәрі демалысқа шықты. Ал, сіз… Қимылдайтын уақыт.

Саяхатқа шыққыңыз келеді. Не кедергі!..

Сарышаян

Түйсікке иек артатын, жақсы жағдайларға толы ай. Белгілі ережелерді бұзбаған жағдайда әдеттегіден артыққа, көпке үміт етуге болады. Кейбір әрекеттеріңізге өзіңіз де таңқаласыз. Сол әрекеттеріңізден шыққан нәтиже тіпті керемет. Өмір сүру оңайлана түседі. Өз-өзіңіз үшін маусым деген қандай жақсы ай деп риза болып жүресіз.

Дегенменен көңілге кірбің түсірер бір-екі жай бар. Біреуі жеке басқа қатысты. Махаббат сезімінде қызғаныш пайда болады. Оған бой алдырсаңыз, бәрін құртасыз. Оған кететін энергияны пайдалы, өзіңіздің дамуыңызға әсері бар іске жұмсаңыз.

Қаржы мәселесінде де қиындық туындауы мүмкін. Абайламаса ақша алаяқтарына алданып қалу қаупі бар.

Мерген

Арандатуды абайлау керек. Қолы таза емес адамдар, алаяқтар кездесуi мүмкiн. Жеңіл ақша ұсынып, нәтижесінде бәрін өзіңізге ысырып салады. Тегін ірімшік тек қақпанда ғана екенін ұмытпаңыз. Заңды бұзбаңыз. Басқаға тиесіліге көз салмаңыз. Тура мағынасында.

Біреудің әйеліне, немесе күйеуіне көз салғанның ақыры жақсы болмайды. Одан да өз отбасыңызға қолдау жасаңыз.

Тауешкі

Өз-өзіңізге сеніңіз. Өз-өзін бақытқа кенелтетін тетік жоқ. Бар істі қолға алыңыз. Қамсыз жүрмеңіз. Бәрін ақырына дейін жеткізетін қасиетіңіз жеңістерге әкеледі. Басқалар сіздің табысыңызды көріп, өз міндеттерін сізге ысырып салғысы келеді. Ешқандай да үгітке, азғыруға, алдауға көнбеңіз. Денсаулықты құртып аласыз.

Саяхатқа, іс сапарға, жаңа таныстыққа қолайлы уақыт. Бұрын демалыста болған жеріңізге іссапар сәті түскелі тұр.

Суқұйғыш

Кейбір тілектер орындалады. Әсіресе ұзақ уақыттан бергі үлкен жоспарлардың орындалуын күтудің қажеті жоқ. Бәрін ұсақ-түйек сияқты болып қалады. Алайда, оған ұмтылсаңыз, маңызы артады. Өз мақсатыңызға қандай жолмен болса да жетуге ұмтылсаңыз, онда жасаған амалыңыз дұрыс болмайды, нәтижесі де өз ойыңыздан шықпайды. Мәселен жақын адамдарыңыз теріс айналады.

Өзіңізге көп жүктеме адамаңыз, денсаулықты құртасыз. Одан да демалысқа, отбасына көңіл бөліңіз. Негізі, махаббат мәселесінде – маусым сіздің айыңыз. Әсіресе алғашқы жартысы.

Балықтар

Егер де көптен бері қозғалмайтын мүлік алуды ойланып жүрсеңіз, сәті келіп тұр. Бұдан артық жақсы баға, немесе вариант кездесе қоймайды. Не болғанда да шешім қабылдауға асықпаңыз. Негізі бұл ай Балықтар үшін отбасылық. Пәтер, үй сатып алу жоспарыңызда жоқ болса, онда жөндеу жұмыстарымен айналысасыз. Оны да кейінге қалдыра беруге болмайды.

Спортшы балықтар бар күш-жігерін жұмсауға тырысады, алайда, күшін текке сарқып алады. Негізі бар Балықтар отбасына көңіл бөліп, өмір өзен ағысымен жүзген дұрыс.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған