Тоқты

Қарама-қайшылыққа толы. Ойды да жинақтау қиын. Біртүрлі сенімсіздікке бой алдырып, шаршап тұрмыз. Жағымсыз әсерлерге, көңіл-күй түсіретін сезімдерге бой алдырмаңыз. Ақылға ден қойсаңыз, бәрінің оң шешімі болады.

Келісімге келмес бұрын әбден жан-жақты таразылап, дұрыстығына әбден сенімді болыңыз. Айналаның бәріне сене беруге болмайды.

Ең бастысы – жұмыс. Көптен үміттендіретін уақыт.

Торпақ

Өз-өзін танытуға жаңа мүмкіндіктер. Жұмыс бағыты, тұрғылықты мекен жай өзгеруі де мүмкін. Бөтеннің ақыл-кеңесі пайдалы бола бермейді, өз ақылына, түйсігіне сенген жөн.

Мақсат, құндылық өзгеруі мүмкін. Басқалардың тірлігіне де араласып, қиын жағдайда қалғандарға көмек беруіңіз де мүмкін. Кейбір торпақтар өзгеге көмектесу үшін өз жоспарын кейінге қалдырады. Ақылды сезім жеңіп кететін сәттер де болады. Тәуекел ете бермеңіз.

Егіздер

Іскерлік қарым-қатынастарға қолайлы. Елшіге тән қасиеттеріңіз пайдасын тигізеді. Нәтижесінде дау-дамай болмайды. Бұрын араздасып қалғандармен достасасыз.

Отбасына мән беру керек. Кейбір Егіздер үшін оқитын, жаңа міндеттерге үйренетін кезең. Демалуды да ұмытпаңыз. Көптен бергі тілек орындалады. Жүзеге аспайтын шығар деген жоспар орындалады.

Шаян

Өте белсенді, қажырлы қалып. Бастамашыл да болып жүрсіз. Жаңа іске қорықпай кірісе беріңіз. Алыс сапар болса, қорқар жөніңіз жоқ.

Алайда қаржыға абай болу керек. Ақшаға асығыстық жараспайды. Көп еңбектенуге тура келеді. Ақылмен, тәжірибемен. Қателік жібермесеңіз, жаңа табыс көзі болады, жақсы кездесулер де.

Арыстан

Көп мәселені ойлану керек. Міндет оңай емес, оны шешу де қиын. Тіпті бұрын ойға келмеген жайға тап келуіңіз мүмкін. Қателіктерден, тәжірибеден үйреніңіз, көп көргендерден кеңес алыңыз, өзіңізге ұнамаса да.

Кедергілерді қойып, бастаған істі аяқтау үшін қажыр керек. Қиындықтардан, қиын адамдардан гөрі алға қойған мақсатыңызды көп ойлаңыз.

Жаңа одақтастар табасыз. Коммерциялық бағыттағы Арыстандарда табыс табу мүмкіндігі бар. Бір сәтте байып кетуге жүрек жетпесе де, оңтайлы қаржы салу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

Бикеш

Өміріңізде өзіндік орны болар кезең. Бұрын жүрек дауаламаған қиындықтарға бетпе-бет келесіз. Білім алуға сәтті сәт.

Қаржыға назар аударыңыз. Жақсы келісімдер болып, игілікті іске қол жеткізесіз. Жаңа табыс көзін де тауып қаларсыз. Алайда абай болыңыз. Күдікті жандардан күмәнданыңыз. Ескі достарға ұқсамайтын жаңа адамдармен танысыңыз.

Таразы

Шабытты кезең. Қызықты істерден шаршамайсыз. Достық қарым-қатынастар нығаяды. Қаржы мәселесін шешуге асығыңыз. Есепсіз ақша жұмсап жіберу мүмкіндігі бар.

Көңіл қобалжитын сәттер аз емес. Еңсеңіз түспесін.

Сарышаян

Әліңіз келмейтінге әлек болмаңыз. Асығыс іс абырой әкелмейді. Табысқа жету үшін уақыт керек. Құндылықтар менен мақсат өзгеруі мүмкін. Жоспарларды жаңалауға, тактика мен стратегияны өзгертуге де уақыт керек. Жеке қарым-қатынаста қуанышты сәттер бар. Достармен жүрген бір бақыт.

Мерген

Маңызды жоспарларыңызды жүзеге асыруға асықпаңыз. Мүмкіндіктер молынан. Құр қиялға берілмеңіз. Шамаңыз келетінге ұмтылыңыз. Тәуекел етіңіз.

Нақты іске көшкен жөн. Түйсігіңіз алдамайды. Жолға шығуға қолайлы кезең.

Тау ешкі

Іскерлік қарым-қатынастарға, одақтастар мен серіктестер табуға, өзіңіз үшін өзекті мәселені талқылауға қолайлы кезең. Жаңа іс бастағандарға қиын. Ауыр міндеттерді бірден шешіп тастау мүмкін емес. Ойға келгенді ақылға салған жөн.

Қызмет пен отбасын үйлестіре біліңіз. Тіпті, таңдау жасауға да тура келеді.

Суқұйғыш

Жұлдыздар қолдап тұр. Уақытты босқа жібермеңіз. Тосын жағдайлар да жеткілікті. Жақсы идеялар уақыты. Шығармашылық пен кәсіпте жаңа мүмкіндіктер бар.

Балық

Тынымсыз уақыт. Мазасыз кезең. Жағдай әлсін-әлсін өзгеріп отырады. Айналадағылардың көңілінен шығу оңай емес. Уайымдамаңыз. Тіпті ең жақын адамдарыңыз да өзіңізді түсінбейтін сияқты сезілгенімен, көп ұзамай қателескеніңізді ұғасыз.

Іс жүрмей жатыр. Көп күшті қажет етеді. Жаңаның да қиындығы бар. Бәрібір бас тартпайсыз. Ай соңындағы бір жағдай өміріңізде маңызды ғана емес, бәрін де өзгертеді. Қапа болғаныңызбен, соңында бәрі жақсы екенін байқайсыз.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған