Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі жеке оңалту бағдарламасына сәйкес бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жылына бір рет ілесіп жүрушінің шығындарын өтеу мақсатында Қармақшы аудандық мәслихатының 2021 жылдың 16 ақпандағы №11 шешімімен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына» сәйкес санаторий-курорттық емделу қызметіне 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленгенін хабарлаймын.
«Әлеуметтік қызмет көрсету порталы» арқылы Қазақстанның кез келген жеріндегі емделетін Шипажай орны мен айы, күнін өз таңдауларыңызда екенін назарларыңызға жеткіземіз.
Толық ақпарат алу үшін Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінен (Жосалы кенті, Рүстембеков көшесі №1, байланыс нөмірі 8 724 37 2-17-74, 8 775 194 75 77, 8 776 254 24 82) және осы бөлімнің Байқоңыр қаласы бойынша секторынан (Байқоңыр қаласы, Абай даңғылы №16, №123 кабинет, байланыс телефондары: 8 336 22 7 54 90, 8 705 451 66 78, 8 777 836 91 19) алуға болады.