Қазпошта OneWeb және Beeline Қазақстанмен жоғары жылдамдықты интернет байланысының әлеуетті қажеттіліктері мәселесі бойынша үшжақты келісімге қол қойды. Айта кетерлігі, Қазпоштада еліміздегі ең ауқымды филиалдық желі бар және өндірістік нысандардың бір бөлігі интернет желісі тартылмаған шалғай ауылдық жерлерде орналасқан. Қазіргі таңда Қазпошта филиалдық желісіне 2000-ға жуық стационарлық ауылдық пошта байланысы бөлімшелері кіреді, олардың ішінде 340 бөлімше интернетке қосылмаған.

Келісім аясында One Web провайдер ретінде қашықтағы пошта бөлімшелерін жоғары жылдамдықты интернет байланысымен қамтамасыз етуі тиіс. Ал Beeline Қазақстан жобаның техникалық интеграторы болып табылады. Бизнес-серіктестер ынтымақтастықтың жол картасын  әзірлей отырып, стационарлық спутниктік абоненттік терминалдарды пайдаланып, сервистік сынақтар жүргізу мүмкіндіктерін зерттеуді көздеп отыр.

«Қазпошта пошта, қаржы, агенттік, цифрлық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, ауылдық пошта байланысы бөлімшелерін дамытуды жалғастырып жатыр. Ауыл тұрғындары мемлекеттік қызметтерді алуы үшін, Қазпошта Азаматтарға арналған үкіметпен бірлесе отырып, еліміздің алты облысында бірлескен жобаны іске қосты. OneWeb және Beeline Қазақстанмен шалғайдағы ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім ауыл тұрғындары үшін Қазпошта қызметтерін кеңейтетін болады. Сонымен қатар, ауылдағы интернет байланысы білім беру, медицина саласы, түрлі экономикалық қажеттіліктер үшін де қажет. Осылайша пошта бөлімшелері ауыл, елдімекендер мен аудан орталықтарының тұрғындары үшін маңызды мемлекеттік қызметтерді алатын бірден-бір орталыққа айналады», – деп атап өтті «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова.

«OneWeb, Қазпошта және Beeline арасындағы серіктестік Қазақстандағы байланысты дамытудағы маңызды кезең болып табылады. Өткен жылы Ұлттық ғарыш орталығында және Ақмола облысының ауылдық елдімекендерінде өткен даладағы сынақтардан кейін және елде бұрыннан бері жұмыс істеп келе жатқандықтан, OneWeb ауылдардағы және шалғай аудандардағы инфрақұрылым мен экономиканы жақсарту үшін, цифрлық алшақтықты жою қаншалықты маңызды екенін түсінеді. Жоғары өткізу қабілеттілігін және сигналды төмен деңгейдегі кідірісін қамтамасыз ететін, төмен орбиталық спутниктік байланыс желісін орналастыра отырып, мен Қазақстанға спутниктік байланыстың инновациялық технологияларының пайдасын қамтамасыз ету үшін, OneWeb-тің жергілікті серіктестермен ынтымақтастығын жалғастыруды асыға күтемін», – деді OneWeb бас коммерциялық директоры Стивен Бейнон.

«Біздің басты мақсатымыз – қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті жою. Сол үшін «250+» жобасына белсенді түрде қатысып келеміз. Жобаның арқасында Beeline ұялы байланысы мен жоғары жылдамдықты интернеті жалпы халық саны 1,5 миллионнан асатын Қазақстанның 1500-ден астам елді мекенінде пайда болды. Сондай-ақ, біздің өз «LTE Everywhere» бағдарламамыздың арқасында желіміздің 97%-да LTE желісі қолжетімді болды.  Бұл келісімнің мақсаты – Қазақстанның шалғай ауылдарын елдің цифрлық экономикасына қосу және біз мұндай бастаманың технологиялық серіктесі болғанымызға қуаныштымыз», – дейді Beeline Қазақстан бас директоры Евгений Настрадин.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған