Жаз келісімен күн ыси бастады. Таңертең үйден шыққаннан-ақ күн күйдіріп барады. Жұмысқа жету де оңай емес. Бірақ, амал жоқ. Табыс табу керек, айлық алу керек.

Тоқты. Жақсы жаңалық болғалы тұр. Көптен күткен табысқа қол жеткізу мүмкіндігі бар. Уақытты босқа жіберуге болмайды. Бұл тек Тоқтыларға арналған мүмкіндік. Сәтті сағатты жіберіп алуға болмайды. Алайда, жаңа үшін бұрыннан бой үйреткеннің бірімен қоштасуға тура келеді. Қазір қоштасуға болатынды анықтап, сәтті сағат соққанда оны құрбан етуге дайын болу керек.

Торпақ. Эксперимент, сынақ жасауға бейім. Бәлкім жұмыс орнын өзгертуге тура келеді. Өзгеріске негіз бар. Қанша дегенменен жаңа сала. Осы айда сынақ сәтті болғалы тұр. Айналасымен қарым-қатынас жасай білуі де өзі үшін үлкен мүмкіндік. Алдағы уақытта көрегенділігі мен әзілге жақындығы қажетті ресурстар, адамдар тартуға оң ықпал етеді. Қаражат мәселесінде проблема жоқ. Алайда, шамалы күш-қажыр жұмсаса табысты көбейтуге болады.

Егіздер. Бұл айдағы ұран “Бәрі, немесе ештеңе! Өз өміріндегі оқиғалардан әсерленген Егіздер қызмет бабында көтеруліге бар күш-жігерін жұмсайды. Бірақ бір өзінің әлі келмейтінін, басқалардан көмек сұрау қажеттілігін де түсінеді. Мүдделестерден құралған дұрыс команданың артықшылығы мол. Сондықтан да өз бизнесіңіз болса тәжірибелі, білімді адамдарды оқытудан, жалдаудан аянбаңыз. Олар сіздің ойыңыздағыны жүзеге асырады.

Шаян. Өзінің жоғары потенциалын пайдалануға кедергі болып жүрген психикалық “абақтыдан” азат болатын уақыт. Егер мақсатты айқын қоя білсе бір күн ішінде жұмыс, қызмет бағытында көп өзгерістерге қол жеткізеді. Қалай болса солай әрекет ету дамуды тежейді, өз-өзін тұйыққа тіремеу, өз-өзін текке шаршатпау үшін бәрін алдын-ала жоспарлап алу керек. Абыр-сабыр, аяқ асты қабылданған ауқымды шешімдерге қарағанда, кішкентай болса да, әбден ойластырылған қадам пайдалы болмақ.

Арыстан. Өз орнынан табылады. Бағыты да дұрыс. Бәрін бақылауға тырыспаса өз мәртебесінен көп пайда табады. Қажеттілік болып жатса, өз кәсіби білімін жетілдіретін курстардан өткені дұрыс. Шығармашыл Арыстандар өнермен айналысу өздеріне ерекше шабыт сыйлайтынын сезінеді. Содан да өз хоббиіне қаражат салып оны табыс көзіне айналдырғысы келеді. Көңілге шабыт әкелетін идеялардың барлығы табысты болмақ.

Бикеш. Шабыт шырқауында. Қызметтен өсудің идеялары мен қадамдары мың-сан. Тоқтаусыз. Тек қаражат жағынан мәселе болуы мүмкін. Уақытша. Жақын арада “екі жеп биге шығасыз”, Уайымдамаңыз. Ең бастысы бастаған идеяны ақырына дейін апару, нақты іс жоспарын жасау.

Таразы. Өтірік уәденің уақыты емес. Үндемей қалатын да кез емес. Қажет болса, өз пікіріңізді, көзқарасыңызды қорғай біліңіз. Онсыз нәтижеге жете алмайсыз. Өз ыңғайыңызға келмейтінге жоқ деп айта білу керек. Кейбір Таразылар кәсіби алаңда белгісіз жанға кезігуі мүмкін. Қорқудың қажеті жоқ. Жұлдыздар өмірдегі бағытты өзгертуге тура келіп тұр дейді.

Сарышаян. Өз-өзін өзгелермен салыстырғанды қоятын уақыт жетті. Жалған бәсекені қойса өзі армандаған мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Бастамашыл жандарды мүдделестері қолдайды. Бұл мүдделес жандар тек жұмыс, қызметте ғана емес, тұрмыстық жағдайларда да мықты арқасүйер болатынын ұмытпаңыз.

Мерген. Батыл қадамдар табысқа әкеледі. Өз ойын, идеясын айтуда, жобаларға қатысуға өз кандидатурасын өзі ұсынудан, басқалар үшін болашағы жоқ болып көрінген мүмкіндіктерді қолға алудан қаймықпау керек. Қызмет бабындағы, кәсіптегі мұндай батылдық өз қуатын ашып қана қоймай, алға өсуіне жол ашады. Алдағы уақытта табысты іске айналатын жаңа қызығушылық пайда болады.

Тауешкі. Тәжірибелі әріптеспен бірге серіктес болу, немесе армандаған жобаға қол жеткізу, немесе көптен бері көздеп жүрген қызметке тұру мүмкіндігі бар. Алайда, ақыры қайырлы болу үшін бастамас бұрын әбден келісіп алған дұрыс. Сондай-ақ бұрын кесірі тиген адам тағы алдыңыздан шығады. Бұрынғы қателікті қайталамас үшін, бір қызығы кешіріп, бәрін ұмыту керек. Сонда барып, жұмыс жүреді.

Суқұйғыш. Түбегейлі өзгерістер болғалы тұр. Бұрынғы жүктемелерден арылып, үлкен жауапкершілікпен жаңа істерге қадам жасау керек. Тәуекел етуге тура келеді. Бірден кепілді табыс бола бермейді. Бірақ, нәтижесінде саяхат, жолсапар өз-өзін ақтайды. Кейбіреулер өнермен, шығармашылықпен айналысады. Таңдаған бағытыңыз бойынша өз таланттылығыңызға өзіңіз таңырқайсыз.

Балықтар. Кәсіпке бейім. Кейбіреулер тіпті өз ісін ашады. Ойлануға көп уақыт жібермеу керек. Сөзден іске көшкен жөн. Ай энергиясы тілекті іске асыруға көмектеседі. Шабыт іздеген Балықтар өткенге көз жүгіртсін. Бұрынғы хоббилерінің бірі жаңа идея тудырады.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған