«AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Жиынға аудандық филиалдың Саяси кеңесі мен Бюро мүшелері, партия ардагерлері, ауданнан сайланған облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен мүшелері және «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдерін қамтыған 100-ден астам делегат қатысты.

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Алды­мен аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев есепті мерзімде партияның сайлау­алды бағдарламасын іске асырудың өңірлік Жол картасының Қазалы ауданы бойынша орындалуы жөнінде есеп берді. Бұдан соң аудандық филиал­дың Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев партия филиалымен жыл басынан бері атқарыл­ған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Жиында қаралған негізгі мәселе 2025 жылдың 28 қыркүйегінде өтетін Қазалы ауданы әкімінің сайлауына «AMANAT» партиясы атынан кандидат ұсыну туралы болды. Делегаттардың дауыс беру қорытындысымен Қазалы ауданының әкімі лауа­зымына «AMANAT» партиясы Қызылорда облыс­тық филиалының төрағасы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлының кандидатурасы бекітілді.

Конференция барысында партияның аудан­дық филиалының төрағасы Ғазиз Әліш Мем­ле­кет басшысының бастамасымен қолға алынған әкім­дерді тікелей сайлау жүйесінің елді демокра­тия­­лан­­дыру жолындағы тарихи қадам екенін атап өтті:

– Әкімдерді тікелей сайлау – саяси реформа­лар­дың маңызды бөлігі. Соның нәтижесінде соңғы үш жылда еліміздегі ауыл әкімдерінің 72 пайызы жаңадан сайланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы Жолдауында аудан әкімдерінің де халық тікелей таңдауымен сайла­натынын мәлімдеген болатын. Бұл ел дамуына серпін беретін маңызды өзгеріс, – деді ол.

Мұнан соң партия атынан ұсынылған кандидат Алмасбек Әбілқасымұлы Есмаханов сөз алып, артылған сенім үшін партияластарға алғыс біл­­діріп, алдағы сайлауда жүктелген міндетті абыроймен атқаруға жұмыс жасайтынын атап өтті.

Сондай-ақ, аудандық партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, қоғам қайраткері Самұрат Имандосов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов үміткерге сәттілік тіледі.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған